БАҚ лига трансферлік кезеңге дайын

0
373
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Шілденің 22-не дейін (сол күнді қоса есептегенде) жалғасатын трансферлік кезеңде командалар құрамдарын күшейтіп, қажетті ойыншылармен толықтыра алады. бейсенбі сағат 18:00-де жабылады.
Трансферлік кезеңнің ережесі бойынша командалар Регламентке сәйкес, өз сапына БАҚ саласының шығармашылық тобының өкілдерін, журналистика факультетінің студенттерін және журналистика факультетінің түлектерін қосуларына құқылы.

Құрамына жаңа ойыншы қосқан командалардың жетекшілері Ұйымдастыру комитетіне мына құжаттарды өткізулері тиіс.

  • Бұрынғы командасынан рұқсатнама (егер ойыншы Журналистер лигасында басқа команданың сапында болса),
  • Өтініш қағазы (еркін түрде),
  • Жеке куәліктерінің көшірмесі,
  • Қызмет куәліктерінің көшірмесі 3х4 сурет (электрондық нұсқада),
  • Студенттік билет көшірмесі (студенттер үшін),
  • Студенттік сынақ кітапшасы (студенттер үшін),
  • Жұмыс орнынан анықтама,
  • Еңбек келісімшартының көшірмесі,
  • Зейнетақы қорынан анықтама (Шығармашылық қызметкерлер үшін соңғы 3 айға, техникалық қызметкерлерге соңғы 6 айға),
  • Диплом көшірмесі (ҰК сұрауы бойынша),
  • Еңбек кітапшасының көшірмесі.
Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here