Осыдан 2 апта бұрын бұл командалар Бердіқұлов кубогында кездескен. Ол кезде Metaratings.kz жеңіске жеткен. Бұл жолы Qsport.kz есе қайтара ма деп едік, жоқ Ербол Қайыров бастаған жігіттер тағы да қауқарлы болып шықты.
Матчтың алғашқы 10 минутында Мұрагер Мұратов пен Нұркен Тоқмурзин екі гол соғып, Metaratings.kz 2:0 есебімен алға шыққан. Үзіліске дейін Qsport.kz есеп айырмасын бір допқа қысқартқан. Мергендік танытқан Нұрбек Қойлыбаев болды.
Екінші таймда таблодағы көрсеткіш өзгермей тұрды. Тек сол ойынның аяқталуына санаулы секундтар қалғанда Қойлыбаев екінші голына көрімдік сұрады. Сөйтіп, інісі Бекболат Кәрібайдың жоқтығын байқатпай, командасын жеңілістен құтқарып қалды.
Сөйтіп, екі спорттық порталдың кездесуі тең аяқталды.
Ал 7 арна Aiqap командасын аяған жоқ. Матчта гол соқпаған адам қалмады. Бұл ойын Германия – Бразилия, Қайрат – Ақтөбе секілді 7:1 есебімен аяқталды.
Kazaknews.kz-тен басым түскен Еуразия+Орт үшінші орынға көтерілді. Қорытынды есеп – 4:2.