Бұл ойын 3:1 есебімен аяқталды. Газет жігіттерінің үшінші голын капитан Всеволд Хван соқты.
31 жастағы капитан BAQ лига мен журналистер кубогында жалпы саны 52 ойын өткізген екен. Бұған дейінгі 51 мачтында қақпа торын тулата алмай жүрген капитан алғаш рет мергендік танытты. Үнемі 4-нөмірмен Серхио Рамос секілді қорғаныста жүретін Хван соңғы кездері шабуылға араласып жүр. Өзінің айтуынша, бұл команданың бас бапкері Амангелді Сейітханның тактикалық шешімі көрінеді.
Ойын біткен соң Всеволд гол соққанына аса қуанышты екенін айтып, достары мен әріптестеріне тіпті жуып та берді. Енді алда Aiqyn-Литер Хабармен кездеседі. Егер осы матчта да мергендік танытса, Хван әріптестеріне дастархан жайып беруге уәде етіпті.
Ендеше, «Азаматтарға арналған үкімет»мекемесінің баспасөз хатшысына тек қана сәттілік тілейміз!
Жалпы, Aiqyn-Литер командасы BAQ лигада биыл төртінші маусымын өткізіп жатыр. Алғаш рет олар А лигасында бағын сынауда.