Өйткені осы тур қайта-қайта шегеріле берді. Алдымен Сейдіахмет Бердіқұлов кубогына байланысты, одан кейін стадион әкімшілігінің белгісіз себептеріне байланысты шегерілді. Одан кейін бүгін ауа-райының қолайсыздығына байланысты тағы өтпеді. Алаңға жаңбыр суы жиналып, ұйымдастырушыларды әбігерге салды.
Енді көптен күткен 4-ойындары өтеді. В лигасында Qsport.kz пен Metaratings.kz жолығады. Бұл екеуі осының алдында Сейдахмет Бердіқұлов кубогында кездескен. Ол кезде Ербол Қа йыров бастаған жігіттер 2:1 есебімен жеңіске жеткен. Ал Qsport.kz топтан шықпай қалды. Енді олар есе қайтарғылары келеді. Сондықтан бұл ойынның қызық болары анық.
Ал В лигасының бас жүлдесінен негізгі үміткер 7 арна аутсайдер команда Aiqap журналының командасымен шеберлік байқасады. Бұл ойында көп гол соғылуы мүмкін. Ендеше матчтан құр қалмаңыздар!
В лигасының соңғы туры Еуразия+Орт мен Kazaknews.kz арасында өтеді. Екі командаға да шегінетін жер жоқ. Чемпионаттың басында көп ұпай жоғалтты.
А лигасында орталық ойын Qazsport пен Қазмедиа арасында болмақ. Сөзсіз қызықты матч болады. Қазмедиаға қатарға көшбасшылары Ершат Қожатаев пен Құмарбек Азат қатысады. Оның үстіне, команда Бердіқұлов турниріндегі жеңістен кейін басқаша көңіл күйде жүр. Ал тек чемпиондық үшін маусымға келген Qazsport-тың да аянып қалмасы белгілі.
Сондай-ақ Хабар мен Aiqyn-Литер, Nat Geo Qazaqstan мен Хабар 24 кездеседі. Хабар сапынан денсаулығына байланысты Айбек Қабылша және өткен турда алаңнан қуылған Нұрсұлтан Құрман, Асқар Хамидендер қатыспайды.