№4
Еуразия+ОРТ – Qazaqstan-Qazsport
Журналистер кубогының 2-турында матчқа кем құрамда шыққаны үшін «Еуразия+ОРТ» командасына 7 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
Айыппұл шешім шыққан күннен бастап 10 күн (28 маусымға дейін) аралығында төленуі тиіс.
№5
БАҚ лига ІХ маусымының қатысу жарнасын төлемегені үшін «National Geographic Qazaqstan», «Хабар 24», «Kazaknews.kz», «Qsport.kz», «Metaratings» және «Еуразия+ОРТ» командаларына ескерту беріліп, қатысу жарнасын 16 шілдеге дейін төлеу туралы үкім шығарылды. Егер аталмыш мерзімге дейін төленбеген жағдайда турнир кестесінде автоматты түрде 3 ұпайы алынып тасталады.
№6
«Қазмедиа» командасының капитаны Марғұлан Ибраевтың аппеляциялық өтініші ескеріліп, Ершат Қожатаевтың 4 матчтық нақты дисквалификациясының 1 ойынын сынақ түріне ауыстыру туралы шешім қабылданды. Осылайша дисквалификациясына байланысты 3 ойынды жібергенін ескерсек, Ершат Қожатаев командасының БАҚ лигадағы алдағы матчына қатыса алады. Ал 4 ойынды сынақ түрінде өткізеді.