Волейболдан бірінші маусымның чемпионы анықталды

0
403
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Финалда Хабар мен Қазақпарат командалары кездескен. Хабар сапында Әсем Әбдірайымова болған жоқ. Қалған мықтылардың бәрі алаңнан табылды.

Бірінші партияны Хабар сенімді түрде жеңді. Ал екінші кезеңде сәл босаңдық танытып алды. Бұл қателікті Қазақпарат кешірген жоқ. Сөйтіп, таразы басы теңесті.

Ал үшінші кезеңде Хабар 9:4-ке дейін алға шыққан. Бірақ одан кейін білгендерінен жаңылып, жоқ жерден ұпай жоғалтып жатты. Сөйтіп, Волейболдан БАҚ өкілдері арасындағы BAQ liga-ның алғашқы маусымы Қазақпарат командасы чемпион атанды.

Алғашқы жеңімпазды ұйымдастыру комитеті атынан шын жүректен құттықтаймыз!

Хабар командасы екінші орын алса, үшінші орын Qazaq radiolary ұжымына бұйырды. Олар қола жүлде үшін тарыста Qazaqstan TV командасынан екі партияда басым түсті.

Сондай-ақ бүгін 5-8 орындардың жеңімпаздары анықталды. Ол туралы толығырақ жазатын боламыз.

Одан бөлек, марқұм Нұртілеу Иманғалиұлының достары мен журналистер құрамасы жолдастық кездесу өткізді. Бұл ойында 3 партияға дейін жалғасып, оның үшеуінде де Нұртілеу Иманғалиұлының достары жеңіске жетті.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here