Волейбол: 26 маусымда чемпиондықтың тағдыры шешіледі

1
385
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Осы сенбі күні шешуші ойындар өтеді. Бас жүлдені Хабар мен Қазақпарат өзара сарапқа салынады.

Жүйелі чемпионатта Хабардың қарқыны қатты көрінген. Бірақ плей-офф басталғалы телерна командасы сыр бере бастады. Ширек финалда Қазмедианы әрең жеңді, одан кейін Qazaq radiolary командасымен оңай болмады. Осы екі кездесуде де бірінші партияда ұтылып қалды.

Дегенмен, Хабарда мінез бар. Жеңіліп жатып та, күш табады. Соңына дейін ойнайды. Сосын бұл командада Сәкен секілді жекелген ойыншылардың шеберлігі жоғары. Команданың ойыны сыр беріп жатқанда, Жасқанат Аманжолов, Шаh-Мұрат Несіпбаевтар белсеніп шығады.

Хабардың финалдағы қарсыласы Қазақпарат команда ретінде енді қалыптаса бастады. Трансферде басты қарсыласы Хабардан Есенбол Иманғазыны сәтті ала білді. Ол аз уақыттың ішінде Қазақпараттың көшбасшыларының біріне айналып үлгерді. Егер портал командасы чемпион атанып жатса, онда Хабардың бас шайқары анық.

Қазақпарат соңғы рет дәл осы Хабардан жеңілген. Ол кезде соңғы сәтте өз қателіктерінен опық жеген. Бұл жолы қалай боларын 26 маусымда білетін боламыз.

Үшінші орынға Qazaqstan TV мен Qazaq radiolary таласады. Бір Телерадиокорпорацияның қос құрамасы арасындағы дербидің де қызық болары сөзсіз. Әсіресе, Qazaqstan TV командасының жоспары басқа болатын. Олар финалда Хабармен айқасуды көздеген. Бірақ осы маусымда екінші рет Қазақпараттан ұтылып, тек қола жүлдеге үміткер болумен шектелді.

Сондай-ақ 7 арна мен 2 бап. Цензура 5-6 орынды өзара сарапқа салса, 7-8 орындарға Atameken business пен Қазмедиа таласады.

Естеріңізге сала кетейік, волейболдан BAQ liga-ның бірінші маусымы Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында қазақ телевизиясының майталманы Нұртілеу Иманғалиұлын еске алуға арналады. Маусымның басты қолдаушылары – «Qazaqstan» телерадио корпорациясы мен ҚР Туризм және спорт индустриясын дамыту қоры.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

1 COMMENT

  1. Амасыздарма меним есимим жане фамилия дурыс жазылмаган Ешпаев Шахмурат осылай дурыс болады

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here