Журналистер кубогының алғашқы ойындары өтті

0
450
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Биыл журналистер кубогы басқаша форматта ұйымдастырылып отыр. Яғни 12 команда үш-үштен 4 топқа бөлінген. Әр топтан екі команда ширек финалға шығады.

Сенбі күні алғашқы 4 матч ойналды. 7 арна Еуразия+Орт командасынан 6:2 есебімен басым түсті. Бұл топта сонымен қатар Qazsport командасы бар.

7 арна – Еуразия+Орт – 6:2

Голдар: Б.Нұрмағанбет (12,35). Е.Нұрғазин (14). М.Әбдуғали (19). Ә.Өмірзақ (36). Е.Өмірзақ (39). Ж.Дәуітқұлов (29). А.Ерболатов (40).

Хабар 24 пен Kazaknews кездесуінде алғашқысы жеңіске жетті. Бұл топта сонымен қатар Qsport.kz командасы бар.

Хабар 24 – Kazaknews.kz – 3:1

Голдар: А.Мыңбаев (3). Б.Қошанов (26).А.Қаздарбек (40). Д.Ыдырыс (23).

Хабар мен Metaratings.kz арасындағы ойын 5:1 есебімен аяқталды. Бірінші таймда Нұркен Тоқмурзин таразы басын теңестіргенде аздаған үміт болған. Бірақ одан кейін Хабар алаңда еркін қимылдап, шеберліктері жоғары екендерін байқатты.

Бұл топта Қазмедиа командасы бар.

Журналистер кубогының бірінші ойын күнін Aiqyn-Литер мен Aiqap қорытындылады. Бұл матчта барлығы болды: пенальти, алаңнан ойыншының қуылуы, жарақат, топырлаған гол, қақпашының қателесуі…

Екі команда голға қарық қылды. Матч 6:4 есебімен Aiqyn-Литер жеңісімен аяқталды. Осы топта NatGeo аяқталды.

Aiqyn-Литер – Aiqap – 6:4

Голдар: Қ.Сапарбаев (9,20,40). Ж.Тілеухор (3).Ә.Мұқажан (18). А.Махамадиев (35). Д.Бабамұрат (10,39).Ә.Жұмаділ (14). М.Жақыпов (24).

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here