Жартылай финалда Хабар мен Qazaq radiolary, Қазақпарат пен Qazaqstan TV кездесті.
Ширек финалда біраз терлеген Хабарға бүгінгі ойында оңай соққан жоқ. Бұл жолы олар Qazaq radiolary командасын үш партияның қорытындысы бойынша әрең жеңді.
Жартылай финалдағы кездесуге Хабардың көптеген ойыншылары келе алмады. Оның арасында Әсем Әбдірайымова, Шаhмұрат Несіпбаев секілді негізгі құрамдағы қыз-жігіттер де бар. Ал Qazaq radiolary сапынан Әлішер Келгенбай, Серік Сейітман болмады.
Матчты Хабар сәтті бастаған. Бірақ есеп 20:15 болған кезде команданың ойыны сыр берді. Осыдан соң, радиолықтар қуып жетіп ғана қоймай, бірінші партияны өз пайлаларына шешті.
Ал екінші кезеңде таразы басы теңессе, үшінші партияда Qazaq radiolary шаршап қалды. Осылайша, BAQ liga-ның алғашқы маусымының финалисі атанды. Қорытынды есеп – 24:26, 25:23,
15:9.
Хабардың финалдағы қарсыласы Қазақпарат атанды. Олар жартылай финалда Qazaqstan TV командасын екі партияда оңай жеңді. Осы ойынның алдында Телерадиокорпорацияның командасы жүйелі чемпионатта кеткен есені қайтаруға тырысқан. Бірақ болмады. Қазақпарат 25:15, 25:14 есебімен қарсыласынан басым түсіп, финалға жолдама алды.
Енді 26 маусымда Хабар мен Қазақпарат чемпиондықты сарапқа салады. Qazaqstan TV мен Qazaq radiolary қола жүлдені сарапқа салады.
Сонымен қатар қалған 4 команда 5-8 орындардың иелерін анықтауға кірісіп кетті. Бұл жолы 7 арна екі партияда Қазмедианың осал тұсын тапты (25:21, 25:21). Сол секілді 2 бап. Цензура Atameken business командасының осал тұсын тапты (25:20, 25:22).
Енді 7 арна мен 2 бап. Цензура 5-6 орынды өзара сарапқа салса, 7-8 орындарға Atameken business пен Қазмедиа таласады.