Футбол: Жаңа маусымның алғашқы аптасында көзге түскен 5 ойыншы

0
288
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Осы 2 турда ерекше көзге түскен 5 ойыншыға назар аудармақпыз.

1.Әлішер Келгенбай  (Qazsport)

Биылғы маусымда чемпиондықты көздеп отырған Qazsport командасы бұған дейін Хабар және ДИиК МО РК командаларымен чемпион атанған Әлішер Келгенбайды алған еді. Ол жаңа командасына тез сіңісіп үлгерді. Алғашқы 2 турда 7 гол соғып, бірден сұрмергендер көшінде топ бастады. Бірінші турда Хабар 24 қақпасына покер жасаса, одан кейін Aiqyn-Литер қақпасын үш рет дәл көздеді. Сөзсіз, өткен аптаның ең үздік ойыншысы.

Шыңғыс Ерғалиев (Хабар)

Хабардың биылғы маусымдағы капитаны болып Шыңғыс Ерғалиев бекітілген еді. Шыңғысқа бұл екі есе жауапкершілік арттырған тәрізді. Маусымның алғашқы турларынан-ақ ойын тізгінін өз қолына алып, командасын алға сүйреуге тырысты. Алғашқы 2 турда Қазмедиа мен NGQ  қақпаларына бір-бір голдан соғып үлгерді.

Ержан Қожабеков (Qsport.kz)

Qsport.kz командасы биыл В лигасында ойнайды. Жаңа маусымға олар ерекше дайындықпен келіпті. Тіпті, чемпион атануды көздейді. Осы ұжымның шабуыл шебінде голдардың басым бөлігін соғатын бір ойыншы бар. Ол – Ержан Қожабеков. Алғашқы екі турда Kazaknews.kz және Aiqap командаларына дубльден жасап үлгерді.

Санжар Кеңесов (7 арна)

АҚШ-тан оралған Санжар биылғы маусымды жаңадан құрылған 7 арна сапында бастап тұр. Әзірге Санжардың көрсеткіші жақсы. Бірінші турда Еуразия қақпасына дубль жасаса, одан кейін Kazaknews.kz командасына бір гол соқты. Ол осы маусымда жаңа командасының лидерлерінің бірі болудан үмітті.

 Аян Қайырбаев (Aiqyn-Литер)

Аян жаңа маусымда салмақ тастап, футболға ерекше бөле бастағандай. Биыл карьерасын Aiqyn-Литер сапында жалғастырып жатқан ол алғашқы турдың үздік ойыншыларының бірі болды. Өйткені жаңа маусымда А лигасына көтерілген Aiqyn-Литер бірінші турда күтпеген NGQ командасымен тең түскен. Осы ойында Айқынның қақпасына гол жібермеуіне қорғаушы Аянның қосқан үлесі зор. Матчта 40 минут бойы ауыспай оянып, Махамбет Әнуарбекұлы бастаған шабуылшыларды тұсап ұстады.

Екінші турда Аян болмған еді, Aiqyn-Литер қарсыласынан жеңіліп қалды.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here