Qazsport пен Хабар бірден алға суырылып шықты

0
313
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Qazsport-қа екінші турда біраз терлеуге тура келді. Aiqyn-Литер спорттық арнаның командасына әжептәуір қарсылық көрсетіп бақты. Негізгі гол соғатын да мүмкіндіктері болған. Бірақ шабуыл шебінде қақпаға қақыратып тебетін ешкім табылмады.

Ал Qazsport командасында мұндай шабуылшы бар. Ол – Әлішер Келгенбай. Сенбіде покер жасаса, жексенбіде хет-триктің авторы атанды. Екі күнде 7 гол соғып, бірден мергендер тізімінде көш бастады.

Бірінші турда Хабар  Қазмедианы жеңгенімен, ойыны көптің көңілінен шықпаған еді. Ал екінші турда Нұрсұлтан Құрман келіп, Хабардың ойыны өзгеріп сала берді. Nat Geo-мен кездесуде 4-нөмірлі қорғаушы әріптестерін алға жетелеп отырды. Қорғаныста сауатты қимылдап, өзі де бір гол соқты. Жалпы, Бақ лиганың 7 дүркін чемпиондары 5:2 есебімен жеңіске жетті. Құрманнан бөлек, Қолғанат Салин дубльдің, Шыңғыс Ерғалиев 1 голдың авторы атанды. Тағы біреуін Серік Оңталап өз қақпасына кіргізіп алды. Nat Geo сапынан Әлібек Ескендір мен Арай Ізбай көзге түсті.

Екінші турдағы іш пыстыратын ойын Хабар 24 пен Қазмедиа арасында өтті. Екі команда көпке дейін гол соға алмай жүрді. Әйтеуір екінші таймның соңғы жағында Асқар Мұқтаров белсенді. Алдымен өзі гол соқса, сосын әріптесі Әнуар Шаймерденовке нәтижелі пас шығарып берді. Қорытынды есеп – 2:0.

Хабар Qazsport-пен бірге 2 турдан кейін 6 ұпаймен көш басында тұр. Одан кейін Қазмедиада 3 ұпай бар. Aiqyn-Литер мен Nat Geo-да бір ұпайдан болса, Хабар 24 әзірге ұпай жинап үлгермеді.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here