В лигасында екі команда 6 ұпайдан жинады

0
439
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Соңғы 4 маусымда БАҚ лигаға тұрақты қатысып келе жатқан Qsport.kz биыл жүлделі тіпті чемпиондықтан дәмелі секілді. Алғашқы турда Kazaknews.kz командасын жеңсе, кеше жаңадан құрылған Aiqap қақпасынан 6 рет саңылау тапты. Команданың үздік сұрмергені Ержан Қожабеков екінші күн қатарынан дубль жасады. Сондай-ақ Рамазан Сағадат, Бекболат Кәрібай және Елдос Манашевтар мергендік танытты. Қарсыластың 6 голына Aiqap 2 доппен ғана жауап қатты.

Маусымның тағы бір дебюті 7 арна да екі күнде 6 ұпайға қол жеткізді. Команда жаңа құрылғанымен, ойыншыларының бәрі тәжірибелі. Бұған дейін Qazaq radiolary, Елорда ақпарат сапында өнер көрсеткендер. Олар да Kazaknews.kz командасынан 6:2 есебімен басым түсті.

Ал Metaratings.kz қолда тұрған жеңістен айырылып қалды. Екінші турда Еуразия+Орт командасымен Ербол Қайыровтың командасы 1 таймда 2:0 есебімен алға шыққан. Алдымен есепті капитан Нұркен Тоқмурзин ашса, Руслан Тәуірше екінші голды соққан.

Бірақ матчтың бітуіне бес минут қалғанда Еуразия+Орт оянып, қатарынан екі гол кіргізді. Оның екеуі де Азат Жүсіпбекке тиесілі.

Осылайша, турнир кестесінде 6 ұпайдан жинаған Qsport.kz пен 7 арна көш бастаса, үшінші орында 4 ұпаймен Metaratings.kz тұр.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here