Ширек финал: Қазақпарат VS 2 бап. Ценузра

0
403
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Ережеге сәйкес, жүйелі чемпионатта екінші орын алған Қазақпарат жетінші орындағы 2 бап. Ценузра командасымен кездеседі.

Қазақпарат әзірге осы біріншіліктің басты сенсацияларының бірі. Маусым басында бұл командадан осындайқ қарқын күтпеген.

Гүлжан Раманқұлова бастаған қыз-жігіттер чемпионатта  7 арна мен Хабардан 3 партияның қорытындысы бойынша ғана жеңілді. Қалған қарсыластарының бәрінен басым түсті. Арасында жүлдеден үмітті Qazaqstan TV командасы да бар.

Жалпы, Қазақпарат 7 матчтың үшеуін екі партияның қорытындысы бойынша, тағы екеуін үш партияда жеңген. Ал екі командадан үш партияда есе жіберген. Команда жүйелі чемпионатта 15 ұпай жинады. Олардың 382 рет ұрған добы қарсыластың алаңына түскен.

Ал 2 бап. Ценузра құрама команда болғандықтан көп уақытқа дейін ұпай жинай алмай жүрді. Әйтеуір, трансферден кейін құрамдарын аздап күшейтіп, соңғы турда Qazaq radiolary ұжымын жеңіп кетті. Оның алдында Қазмедиадан бір партияда басым түскен. Сөйтіп, 4 ұпаймен жетінші орынға тұрақтады. Қарсылас команданың алаңына 255 рет доп тастаған.

Бұл жұпта әрине, Қазақпарат фаворит саналады. Бірақ плей-оффта күтпеген нәтижелер тіркелуі мүмкін.

12.06.2021 ж
Ширек финал.
10:00. Қазақпарат – 2 бап. Цензура.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here