Ешкім ұшпайды

0
342
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Ұйымдастыру комитетінің шешімімен плей-офф кезеңінде командалар «ұшпайтын» болды. Ширек финалдың жеңімпаздары әрі қарай жүлделі орындарға таласса, жеңілген командалар 5-8 орындарды өзара сарапқа салады.

– Спорттық мақсат өз алдына, бірақ, БАҚ лиганың басты ұстанымы – БАҚ өкілдерінің басын қосып, әріптестер арасындағы татулықты күшейту және ынтымақтастықты арттыру. Сондықтан, ешкімнің де жарыс жолынан шығып қалғанын қарамадық. Оның үстіне, бұл волейболдан БАҚ лиганың бірінші маусымы болғандықтан, әріптестердің барлығы чемпионаттың соңына дейін бірге болғанын қаладық. Осының барлығын ойластыра келе Ұйымдастыру комитетіне плей-офф кезеңінде ешбір команданың жарыстан шығып қалмау жолын қарастыруды ұсындық. Бұл дұрыс шешім болды деп ойлаймын, – деді “QAZSPORT” телеарнасының басшысы, BAQ liga қамқоршылар кеңесінің мүшесі Нағи Бақытбеков.

Нәтижесінде БАҚ лиганың ойындар кестесіне өзгеріс енді.

ПЛЕЙ-ОФФ КЕЗЕҢІ

12.06.2021 ж
Ширек финал.
10:00. 1 – 8
11:00. 2 – 7
12:00. 3 – 6
13:00. 4 – 5

19.06.2021 ж
5-8 орындар
10:00. 1/8 – 4/5
11:00. 2/7 – 3/6
Жартылай финал.
12:00. 1/8 – 4/5
13:00. 2/7 – 3/6

26.06.2021 ж
Финалдық ойындар.
10:00. 7-орын үшін
11:00. 5-орын үшін
12:00. 3-орын үшін
13:00. Финал

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here