Алтыншы тур Қазақпарат пен Қазмедиа командалары арасындағы кездесумен басталды. Алғашқысы жүлдеден үмітті ұжымдардың бірі болса, Қазмедиа әзірге жетінші орыннан көтеріле алмай жүр. Бірақ бірінші партия 25:21 есебімен Қазмедианың пайдасына шешілді. Екінші партияда алма-кезек ұпай алмасу өтіп жатқан. Талас 13:13-ке дейін жалғасты. Одан кейін тізгінді толықтай Қазақпарат өз қолдарына алып, таразы басын теңестірді. Бұл кезеңде Қазақпараттың жеңісіне үлес қосқан ойыншылардың қатарында маусымаралық трансферлік үзілісте Хабардан ауысқан Есенбол Иманғазы болды. Сонымен қатар Қазақпараттың бесінші нөмірлі шабуылшысы кешігіп келді. Кездесудің басында оның жоқтығы қатты білінген.
Ал үшінші партияда Қазмедианың шаршап қалғаны қатты байқалды. Сөйтіп, қарсылас команда камбэк жасап, 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Матчтан кейін Baqleague.kz тілшісіне берген сұхбатында Қазақпарат ойыншысы Алтынбек Құмырзақ бұл жеңісті 3 маусым күні туған күнін атап өткен командаластары Аягөз Құрмашқа арнайтындарын жеткізді.
Одан кейін 7 арна мен Atameken business жолыққан. Бұл екі команданың өзіндік ерекшіліктері бар. Мысалы, 7 арна ойынды сылбыр бастап, сосын екінші партияда оянады. Қарсыласы керсінше есепте алға шығып, соңғы жағында есе жіберіп қояды. Бүгінде солай болды. Нұрсұлтан Бақановтың әріптестері яғни бизнес арна ұжымы бірінші партияда 18:16 есебімен алда тұрған. Осыдан соң жиі қателесіп, әріқарай қатарынан екі партияда ұтылды.
Үшінші матч Қазақстан телерадиокорпорациясының өзара дербиі ретінде өтті. Яғни Qazaqstan TV мен Qazaq radiolary кездесті. Бұл ойын үш партияға созылды. Алдымен, радиолықтар 25:23 есебімен жеңіске жеткен. Дегенмен келесі екі партияда Qazaqstan TV жеңісті жұлып алды. Екінші партия 25:18 есебімен аяқталса, үшін партияда 15:9 есебімен аяқталды. Енді олар ертең бірінші орында келе жатқан Хабармен кездеседі.
Ал Хабар өз кезегінде 2-бап. Цензураның осал тұсын тапты. Трансферлік кезеңде белсенді жұмыс істеген 2-бап. Цензураның жаңа ойыншыларының бәрі бірдей келген жоқ. Тек Арайлым Бақайды көзіміз шалды. Сосын бір айта кететін жайт, 2-бап. Цензура алаңға әдеттегідей 2 емес, 3 қызды шығарды. Бәлкім, қосалқы құрамда отырған Әзиз Жұмаділге қарағанда қыздардың пайдасы көбірек болады деп санаған болар.
Енді ертең жүйелі чемпионаттың соңғы 7-туры өтеді. Ал келесі аптадан бастап, плей-офф бәсекелері басталады.
Естеріңізге сала кетейік, волейболдан BAQ liga-ның бірінші маусымы Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында қазақ телевизиясының майталманы Нұртілеу Иманғалиұлын еске алуға арналады. Маусымның басты қолдаушылары – «Qazaqstan» телерадио корпорациясы мен ҚР Туризм және спорт индустриясын дамыту қоры.