Волейболдан Нұртілеу Иманғалиұлын еске алуға арналған БАҚ өкілдері арасындағы BAQ liga-ның бірінші маусымында трансферлік терезе жабылып, командалар құрамдарын барынша жасақтап үлгерді.
Қысқа қайырар болсақ, бірінші маусымға қатысып жатқан 8 команданың жетеуі трансферлік маусымда құрамын біршама жаңартты. Әсіресе басты аутсайдер «2-ші бап. Цензура» ұжымы терезенің ашылғанын ұтымды пайдаланыпты. Құрамына төрт ойыншы қосқан. Ал «Qazaqstan TV» тұрақтылықты жөн көріп, құрамына еш өзгеріс жасамаған. Жалпы, трансферлік кезеңде 18 ауыс-түйіс орын алыпты. Оның 17-сі чемпионатқа бірінші рет қосылып отыр. Сонымен қатар, трансфер кезінде қосылған 18 ойыншының 15-і жігіттер болса, үшеуі нәзік жандылар. Алты ойыншының жасы 40-тан асқан. Бір командадан екіншісіне өткен ойыншы біреу ғана: бұған дейін «Хабардың» намысын қорғап келген Есенбол Иманғазы маусымның екінші жартысын «Қазақпарат» сапында өткізеді.
Қай командада қандай өзгерістің орын алғанын мына кестеден көруге болады: