Басты мақсат корпоративтік рухты нығайту – Азамат Кеңесұлы

– Біріншіден, ұйымшылдық болмаған шығар. Менің өзімде жекелеген бірнеше қателік жібердім. Оның үстіне жарақат алып қалып, кейбір доптарды қабылдауға мүмкіндік келмеді. Сосын командаға күшпен ұратын соққылар жетіспеді. Көп жағдайда төмен алып қойғанымыз бар. Қазақпарат соншалықты алынбайтын қамал деп айта алмаймын, – деп бастады әңгімесін Азамат Кеңесұлы.

0
1447
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

–  Алда лиганың көшбасында келе жатқан Хабармен кездесесіздер. Бұл ойын жайлы не айтасыз?

–  Енді Хабар 5 матч қатарынан жеңіске жетті. Сондықтан оларды тоқтатуға тырысамыз. Бапкеріміздің көмекшісі бар, сол кеткен қателіктерімізді айтып берді. Өткен ойында жіберілген қателіктерден сабақ шығарып, Хабармен ойынға дайын болуға әрекет етеміз. Бұл жерде басты мақсат жеңістен бұрын, қатысу, Мас-Медианың беделін көтеру. Осы алаңда жүрген БАҚ өкілдерінің бір-бірімен танысып, араласуы маңызды. Өзара ынтымақтастығы  нығайтып, корпоративтік рухты көтеру. Өмірден өткен ағамыз Нұртілеу Иманғалиұлының есімін ұлықтауды мақсат етіп отырмыз.

– Өзіңіз командаңыздың негізгі құрамында ойнап жүр екенсіз. Бұрын-сонды жарысқа қатысып көргенсіз бе?

– Жоқ. Тек мектепте дене шынықтыру сабағында ойнағанымыз болмаса. Одан бері 27 жыл өтті. Содан кейін алғаш рет ойнап тұрмын десем болады.

– Qazaqstan TV командасының құрамында Қазақстан телерадиокорпорациясының басқарма төрайымының орынбасары, екі теларнаның директоры ойнап жүр. Бұл басшылықтағы азаматтардың спортқа деген көзқарасы байланысты ма?

– Осындай лигада ұйымдастырылып жатқанын корпорацияға қарасты арналарда қызмет ететіндердің барлығына айтылды. Ішінен іріктеліп шыққанымыз осы қыз-жігіттер. Кейбірінің жұмысқа байланысты уақыттары сай келмейді. Біздің де уақытымыз тығыз. Соған қарамастан ойындардан қалмауға бар күшімізді саламыз. Ал басшылыққа келер болсақ, Нұртілеу Иманғалиұлының есімін ұлықтап, осындай бастаманы өзіміз көтергендіктен басы-қасында жүруді мақсат еттік.

– Енді телерадиокорпорацияның ішінде осындай турнир ұйымдастырайық деген ұсыныстар айтылып жатыр. Мұның пайдалы тұстары көп.

– Жаттығуға қаншалықты көңіл бөлінеді?

Ол жағы қиын болып тұр. Бәрінің жұмысы бар. Оның үстіне, жаз кезінде іс-сапарлар көп.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here