– Бүгінгі ойында Qazaqstan TV екі партияда Қазақпараттан ұтылып қалды. Осы жеңілістің себебі туралы айтып өтсеңіз?
– Бізге осы жолы кішкене ұйымшылдық жетіспеді деп ойлаймын. Әйтпесе, жалпы маусымға жақсы дайындықпен келгенбіз. Бұған дейінгі ойындардың барлығында бір-бірімізді түсінісіп, ойнаудың арқасында бірнеше ұпай еншілеп үлгердік. Осы жолы сәл шашырап кеттік. Оның үстіне аздаған сәттілік жетіспеген секілді. Қарсыластың соққылары сондай жойқын болды деп ойлаймаймын. Тек жай тастағандарына алданып қалып жаттық.
– Бұрын-сонды волейболға қатысқансыз ба?
– Мектепте оқыған кезде волейболмен айналыстық. Одан бері 11 жыл өтті. Содан бері қолыма доп алмағанмын. БАҚ лига болады дегенді естіп, 1 ай көлемінде аптасына 2 рет дайындық жүргіздік. Сол күшімізбен қатысып отырмыз.
– Араға бірнеше жыл салып, ойнағаның әсері ерекше болар?
– Осындай лига өткізіп жатқан ұйымдастырушыларға алғыс білдіремін. Себебі допты сағынған екенбіз. Әрбір ойынымыздан білініп тұрады. Ойынға деген құлшыныс ерекше.
– Мектепте қыздар бөлек ойнайды, ал мында аралас құрам. Жігіттердің ауыр соққыларын қайтару қиын соғып жатыр ма?
– Барлық командалардың ойынын көріп жүргеннен кейін кім соққы жасайтынын білеміз. Сосын оқыстан біреу қатты соққы жасап қала ма деп қорқатындар сәттер болады. Мүмкіндігінше, командадағы жігіттер блок қоюуға тырысып жатыр. Кейде ауыр соққылар келсе, өткізіп жіберуге мәжбүрлік бар. Ондай сәтте аутқа кетеді немесе арттағы тұрған жігіттердің біреуі алады.