БАҚ лигада трансферлік терезе ашылды

0
360
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Волейболдан Нұртілеу Иманғалиұлын еске алуға арналған БАҚ лиганың бірінші маусымында трансферлік терезе ашылды.

Мамырдың 31-і күні басталған трансферлік кезең маусымның 3-іне (сол күнді қоса есептегенде) дейін жалғасады. Яғни, 5-ші және 6-ші турдың ортасы. Осы аралықта командалар құрамдарын күшейтіп, толықтыра алады. Трансферлік терезе 3 маусым (бейсенбі) сағат 18:00-де жабылады.

Трансферлік кезеңнің ережесі бойынша командалар өз сапына БАҚ саласының шығармашылық тобының өкілдерін, журналистика факультетінің студенттерін қосуларына құқылы.

Айта кетейік, құжаттарын толық өткізген жағдайда ғана Ойыншы Командаға қосылуға мүмкіндік алады.

Құрамына жаңа ойыншы қосқан командалардың жетекшілері Ұйымдастыру комитетіне мына құжаттарды өткізулері тиіс.

Бұрынғы командасынан рұқсатнама (егер ойыншы Журналистер лигасында басқа команданың сапында болса),

Өтініш қағазы (еркін түрде),

Жеке куәліктерінің көшірмесі,

Қызмет куәліктерінің көшірмесі 3х4 сурет (электрондық нұсқада),

Студенттік билет көшірмесі (студенттер үшін),

Студенттік сынақ кітапшасы (студенттер үшін),

Жұмыс орнынан анықтама,

Еңбек келісімшартының көшірмесі,

Зейнетақы қорынан анықтама – соңғы алты айға.

Диплом көшірмесі,

Еңбек кітапшасының көшірмесі.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here