Сенбіде қандай қызықты матчтар күтіп тұр?

0
481
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

29 мамыр

4-тур

10:00. 2-бап. Цензура – Atameken business

Төртінші турдың шымылдығын 2-бап. Цензура мен Atameken business ашады. Бұл жұпта еліміздегі жалғыз бизнеске арналған арнаның командасы фаворит. Өткен турда ойындарға арна басшысы Қанат Сахарияның өзі келіп, негізгі құрамда өнер көрсеткен болатын. Atameken business арнасы  үшін үшінші және төртінші тур қиынға соқты. Алдымен Хабардан жеңілді. Одан кейін  Qazaq radiolary командасын бірінші партияда ұтқанымен қарамастан, кейінгі екі кезеңде есе жіберіп қойды. Сондықтан осы жолы үш ұпай алу үшін бар күштерін салатын анық.

Олардың қарсыласы – 2-бап. Цензура тур өткен сайын ширап келеді. Командаға Эльдар Аманбаев, Дания Абдилова секілді комментаторлар қосылды. Әзірге Дания бұрынғы бабында емес екені байқалды. Егер Абдилова жаттығуды күшейтсе, бұл команданың фавориттерге төтеп беруге шамасы жетеді.

 11:00. Қазақпарат – Qazaqstan TV

Осы турдың орталық ойыны. Турнир кестесінде бір-біріне жақын орналасқан. Qazaqstan TV 3 турдан кейін 9 ұпай жинады. Ал  Қазақпараттың еншісінде 7 ұпай бар. Егер Қазақпарат жеңіске жетіп жатса, екінші орынға көтерілуге мүмкіндік алады. Бірақ оған Qazaqstan TV келісе қояр ма? Ержанар Әшейхан, Азамат Кеңесұлы, Нағи Бақытбеков секілді телеарна басшыларын жинап алған команда Хабардан қалысуды қаламайды. Ендеше бізді қызықты ойын күтіп тұрғаны сөзсіз.

12:00. Хабар – 7 арна

Спорт десе, Хабар агенттігінің қызметкерлерінің аянып қалған кезі жоқ. Футболда үнемі үздіктер қатарында жүреді. Енді волейболдан да чемпион атануды көздейді. Тележүргізуші Сәкен Сейітхан бастаған ұжым бұл жолы  7 арнамен жолығады. Басшылығы ауысып, жаңа қызметкерлермен толығып жатқан 7 арнаның да қазір сан салаға көңіл бөле бастағаны белгілі. Биыл BAQ liga-ға волейболдан да, футболдан да команда қосып отыр. Сондықтан олар да оңайшылықпен Хабарға есе жібере қоймас. Ендеше осы турдағы тартысты ойындардың бірі болмақ.

13:00. Қазмедиа – Qazaq radiolary

Төртінші тур Қазмедиа мен Qazaq radiolary арасындағы ойынмен аяқталады. Бұл екі команда бір-біріне жобалас. Сондықтан нақты фаворитті айту қиын. Qazaq radiolary-ның әзірге екі ұпайы бар, ал Қазмедиа әлі бірде-бір партияда жеңіске жетпеген. Сондықтан осы жолы аянып қалмайтыны анық.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here