Мұндай бастаманы көтерген «Қазақстан» РТРК басқарма төрайымының орынбасары Ержанар Әшейхан болатын.
– Өздеріңіз білетіндей, волейбол –аристократтық ойын, командалық рух қалыптастыратын ойын. Оны Нұртілеу Иманғалиұлын еске алу турнирі деп атадық және алдағы уақытта тұрақты өткізуді жоспарлап отырмыз. Ең басты мақсат – бір-бірімізбен аралассақ деген ой. Сондықтан аптаның бір күнін бір-бірімізбен жақын танысуға арнауды ұйғардық. Тек қана жеңісті күндерде жолығайық, – дейді Ержанар Әшейхан.
Алғашқы маусымға«2-бап. Цензура», «7 арна», «Atameken business channel», «Qazaqstan TV», «Qazaq radiolary», «ҚазАқпарат агенттігі», «Қазмедиа орталығы» және «Хабар агенттігі» секілді 8 команда қатысып жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, волейболдан BAQ liga-ның бірінші маусымы Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында қазақ телевизиясының майталманы Нұртілеу Иманғалиұлын еске алуға арналады. Маусымның басты қолдаушылары – «Qazaqstan» телерадио корпорациясы мен ҚР Туризм және спорт индустриясын дамыту қоры.