Волейболдан БАҚ өкілдері арасындағы BAQ liga-ның бірінші турында телеарналар командаларының синхронды жеңістерімен өтті. Маусымға қатысып жатқан төрт телеарна да алғашқы ұпайларын қоржынға салды.
Маусымның алғашқы турында «7 арна» – «Қазақпаратпен» кездесіп, тартысқа толы өткен текетіресте телеарна қызметкерлері камбэк жасады. Есеп 2:1 (21:25, 25:15, 15:10). «2-бап. Цензура» – «Qazaqstan TV» арасындағы ойында ұлттық арна 2:0 (25:15, 25:14) есебімен басым түсті. «Atameken business» және «Қазмедиа» орталығы арасындағы кездесуде де жеңіс телеарна қызметкерлерінің басымдығымен өтті. Есеп – 2:0 (25:17, 25:21). Телеарна командаларының жеңісті жолын «Хабар» да жалғастырып, «Qazaq radiolary»-н 2:0 (25:17, 25:16) есебімен тізе бүктірді.
Естеріңізге сала кетейік, волейболдан BAQ liga-ның бірінші маусымы Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында қазақ телевизиясының майталманы Нұртілеу Иманғалиұлын еске алуға арналады. Маусымның басты қолдаушылары – «Qazaqstan» телерадио корпорациясы мен ҚР Туризм және спорт индустриясын дамыту қоры.