Волейболдан BAQ liga-ның бірінші маусымы басталды

0
353
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Біріншілік Журналистер күніне дейін жалғасып, “Евразия” спорт кешенінде өтеді. Маусым “Qazaqstan” РТРК, ҚР Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және Қазақстан волейбол федерациясының қолдауымен ұйымдастырылуда.

Айта кетейік, байрағын 2016 жылдың 10 желтоқсанында желбіреткен BAQ liga – Қазақстан БАҚ өкілдерінің басын біріктіріп, редакциялар арасында көпір орнатып, әріптестік татулықты арттыруға бағытталған жоба. Бүгінге дейін BAQ liga Қазақстан Масс-медиасы арасында футбол додаларын өткізіп келді. Осы уақытқа дейін БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан 8 маусым өтіп, оған еліміздің 40-қа жуық Бұқаралық ақпарат құралдары редакцияларынан 500 шамасында журналистер қатысты. BAQ liga брендімен БАҚ өкілдері арасындағы шағын футбол біріншіліктері елордамыздан бөлек, Алматы, Талдықорған және Ақтау сынды қалаларда да ұйымдастырылды. Ал Нұр-Сұлтан қаласындағы BAQ liga шағын футбол біріншілігіне апта сайын Алматы, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Қызылорда, Тараз, Шымкент қалаларының да журналистері келіп қатысады. Бұл Лиганың қарқынды дамып жатқанын және журналистер қауымы арасында маңызының артқандығының белгісі.

Ал волейболдан BAQ liga-ның бірінші маусымына «7 арна», «Atameken business» телеарнасы, «Qazaqstan TV» телеарнасы, «Qazaq radiolary», «Қазақпарат» агенттігі, «Қазмедиа» орталығы, «Хабар» агенттігі және әртүрлі БАҚ өкілдерінен құралған «2-бап. Цензура» командасы қатысуда.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here