Айбек Қабылша: Хабар 10 дүркін чемпион болмай тоқтамайды

0
318
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

– Жалпы бізде BAQ League-ның 10 дүркін чемпионы боламыз деген мақсатымыз болған. Бұл мақсатымыз әлі де бар. Жеті дүркін чемпионбыз, сегізінші маусымда жолымыз болмады.  Финалда басты ойында жеңіліп қалдық. Бұған дейін бізде күміс жүлде болмаған еді. Мұны көру  бақыты бүгін түсіп тұр екен. Дегенмен, бір қадамға алға жылжыдық. Енді екі адамға алға жүреміз. Хабар әрқашан чемпион. Биыл біздің арнаның 25 жылдығы аясында өткен жарыста абыройды қолдан бермеуге тырыстық. Оның үстіне, басқа командалардың капитандары мені үздік қақпашы деп тапқан екен.  Ол үшін қуаныштымын. Бір жағынан бұл үлкен мотиация. Команданың маған артқан сенімін ақтай алдым деген ойдамын. Дегенмен, футбол командалық тұрғыдағы жарыс қой. Командалық жетістік бірінші орында. Алдағы уақытта командамызбен бірге Хабарды чемпиондық жолға әкелеміз. Мен бұған сенімдімін, – дейді Айбек Қабылша.

Ол сегізінші маусымда топ жарған Қорғаныс министрлігінің Ақпарат және коммуникациялар департаментінің командасын жеңісімен құттықтады. Сонымен қатар Хабардың тоқтап қалмайтынын да тағы да қайталап айтты.

– Біздің жеті дүркін чемпион болуымыз жұрттарға әлі арман ғана. Бұл жолы ДИиК командасы чемпион болып жатыр. Жеңістерімен құттықтаймыз. Биылғы маусымда, ДИиК-тің бақтары жанған екен. Біздің бабымыз келіскенімен, бағымыз болмады. Бірақ Хабардың жеңісті күндері әлі алда, – дейді қақпашы.

Айбек Қабылша журналистер біріншілігінің алғашқы маусымында үздік қақпашы атанған. Араға 4 жыл салып, сол жетістігін қайталады.

– BAQ League бірінші кезекте журналистер бәсекесі ғой. Алғашқы маусымда дәл осылай үздік қақпашы атанған болатынмын. Араға 7 маусым салып қайтадан жеңіске жетіп отырмын. Бұған өте қуаныштымын. Қақпашылар өте көп. Жақсы тұратындары да жетерлік. Каптиандар мен команда жетекшілері маған дауыс бергендеріне қарағанда соған лайық болдым деп ойлаймын. Мұнымен шектеліп қалмай,  алдағы маусымда жақсы ойын көрсетуге тырысамын, – дейді ол.

 

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here