– BAQ League-ның сегізінші маусымы Хабар арнасының былтырғы 25 жылдығына арналды. Карантиннің созылуына байланысты турнир 2021 жылға дейін жалғасып отыр. Аталған маусым өте тартысты болды десек болады. Өйткені еліміздің жетекші ақпарат құралдарының құрама командалары жоғары кәсіби шеберліктерін көрсетті. Осы жерде талай тартысты ойындар өтті. Жаңа есімдер танылып жатыр, – дейді Ринат Кертаев.
Журналистер біріншілігнің алғашқы маусымынан бері үздіксіз чемпион болып келген Хабар командасы биыл екінші орынды қанағат тұтты. Ринат Думанұлы ол туралы өз ойын айта кетті.
– Әрине, 7 дүркін чемпион болып, осы турнир басталғалы келе жатқан біздің команда үшін бұл маусым сәтсіз аяқталды. Дей тұрғанмен де турнирдің мерейтойы иелері ретінде екінші жүлделі орын алғанның өзі үлкен жетістік деп білеміз. БАҚ лиганың басты мақсаты және оны Хабар агенттігінің қолдағандағы миссиясы ол журналистер қауымы арасындағы кәсіби ынтымақтастықты, әріптестікті күнделікті күйбен тірлікте ғана емес, спорт алаңында насихаттау, көрсету болатын, – дейді «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары.
Сөз соңында ол Qazaq radiolary мен Президент Телерадио кешені басшылығын BAQ League-ның жаңа маусымына қолдау көрсетуге шақырды.
– BAQ League жалғасын таба берсін. Биыл Qazaq radiolary-ның 100 жылдығы, Президент Телерадио кешенінің 25 жылдығы екен. Егер сол ұжымдар әлеуметтік турнирдің эстафетасын алып жалғастырып жатса, оған біз тек қуанамыз, – деді Ринат Кертаев.