Кубоктың жаңа иегері – ДИиК МО РК

0
923
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

20 ақпан жартылай және финалдық кезеңнің ойындары өтті. Алдымен ДИиК МО РК мен NatGeo кездесті. Бұл жұптың фавориті белгілі болатын. Дегенмен «Табиғат жыршылары» бірінші таймда біразға дейін шыдады.  Ойындағы есеп тек 15-минутта ашылды. Одан кейін Қорғаныс министрлігінің жігіттерін тоқтату мүмкін болмады.

Екінші таймда ДИиК МО РК командасы негізгі құрамдағы ойыншыларына демалыс берді. Есесіне, алаңға сирек шығатындары мүмкіндік алды. Оның үстіне, Әсет Есенғұлов хет-триктің авторы атанса, капитан Ғани Нүсіпов бір гол соқты. Сөйтіп, матч 7:0 есебімен аяқталды.

Ал екінші жұпта Qazaq radiolary мен Хабар кездесті. Бұл екеуі Журналистер кубогында бұған дейін жеңіске жеткен ұжымдар. Хабар екі, Qazaq radiolary бір рет топ жарған. Осы матчта Хабардың капитаны Нұрсұлтан Қабылбек алаңға шыққан жоқ. Оның орнына Ақтөбеден келген Асылжан Жүсіпов ойнады.

Есепті бірінші таймда  Qazaq radiolary-ның Қостанайдан келген сұрмергені Ибраһим Еренғайып ашты. Одан кейін екі команданың қанша мүмкіндігі болғанымен, жиі мүлт кетіп жатты. Матчтағы тыныштықты кездесудің аяқталуына қалғанда 6 минут қалғанда Бақытжан Масақов бұзды. Одан кейін Асылжан Жүсіпов Хабарды алға шығарған. Дегенмен Qazaq radiolary тайлы-тұяғымен шабуылға араласып, соңғы минуттарда есепті теңестіре алды. Назар Найзабекұлы жойқын соққысымен тоғыздықты дәл көздеді.

Ойынның тағдыры пенальтиде шешілді. Хабар сапынан Нұрсұлтан Құрман мүлт кетіп,  Qazaq radiolary финалға жолдама алды.

Шешуі кезеңде радио жігіттерінің шаршаңқы болғаны байқалды. Физикалық әлеуеттері жоғары ДИиК МО РК әсіресе екінші таймда көсіле шапты.

Алғашқы голды Әлішер Келгенбай соққан. Қақпашымен жеке-дара қалған сұрмерген мүлт кеткен жоқ. Бұл жерде Келгенбайды тұсап ұстамаған Qazaq radiolary-ның қорғаушысының қателігі бар. Дегенмен Назар Найзабекұлы өз қателігін жуып-шайды. Келесі шабуылдардың бірінде есепті 1:1-ге жеткізді.

Qazaq radiolary-ның сағын сындырған бірінші таймның соңғы секундтарындағы гол болды. Дәурен Жолдасовтың қателігін тиімді пайдаланған қарсылас команда үзіліске шығар тұста екінші рет алға шығып үлгерді.

Ал одан кейінгі 20 минуттықта ДИиК МО РК командасын тоқтату мүмкін болмады. Радио сапынан тек Ибраһим Еренғайыптың 7:1 кезінде төрт ойыншы алдап өтіп, гол соққан жеке шеберлігін ғана айтуға болады.

Сөйтіп, ДИиК МО РК 2020/2021 жылғы маусымдағы Журналистер кубогының иегері атанды. Жеңімпазды ұйымдастыру алқасы атынан құттықтаймыз!

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here