Он үшінші турдың таңдаулы құрамы анықталды

0
335
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Қақпашы –  Ербол КЕНЖЕБАЕВ (ДИиК МО РК)

13-турдың орталық ойындарының бірі – Qazsport пен ДИиК МО РК арасында өтті.  Осы кездесуде Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі қарсыласын 6:0 есебімен жеңді. Негізі бірінші таймда спорттық арна жігіттерінің гол соғатын мүмкіндіктері болған. Бірақ қақпада тұрған Ербол Кенжебаев оған мүмкіндік берген жоқ. Осы турда басқа қақпашылармен салыстырғанда Ерболдың командасына тигізген пайдасы жоғары болды. Сондықтан таңдаулы құрамға еніп отыр.

Қорғаушылар  –   Нұрбол ТҰРСЫНБАЕВ (Қазмедиа), Бимұхамед БУКЕЕВ (Хабар)

Қазмедиа мен Мазмұндама арасындағы кездесу аса тартысты өтті. Екі команда жеңілмеудің барлық амалын жасады. Тіпті, біраз ойыншылардың жүйкесі сыр беріп жатты. Қазмедианың сұрмергені Құмарбек Азат алаңнан қуылды. Есесіне, осы матчта салқынқанды ойнаған жас қорғаушы Нұрбол Тұрсынбаев болды. Қорғаныс пен қатар шабуылға да араласып, екі гол соқты.

Хабар бұл турда еш қиналған жоқ. Біріншіліктің аутсайдері Foliant командасын 16:1 есебімен жеңді. Нұрсұлтан Құрман ойынды алаң сыртынан тамашалады. Есесіне, қорғаныста Бимұхамед Букеев сенімді ойнап, матчқа дирижерлік етіп отырды.

ШабуылшыларӘлішер КЕЛГЕНБАЙ (ДИиК МО РК), Ибраһим ЕРЕНҒАЙЫП (Qazaq radiolary)

Qazsport пен ДИиК МО РК арасындағы кездесудің басты қаһарманы – Әлішер Келгенбай. Ол матчта 5 доп соқты. Негізінен Әлішер осы матчта жеке шеберлігін ерекше көрсете білді. Соққан голдары бір-бірінен өткен.

Осы күні Қостанайда тұратын Ибраһим Еренғайып биылғы маусымда бір ойынға қатысып, бірден хет-триктің авторы атанды. Ол Астана мен Qazaq radiolary арасындағы кездесудің үздік ойыншысы. Ибраһимнің техникалық шеберлігіне ерекше қол шапалақтауға болады.

Резерв

Қақпашы – Әнуар ҚҰРМАНБАЕВ (Nat Geo);

Қорғаушылар – Нұрлан ТҰРАПОВ (ДИиК МО РК), Еламан ӘМІРҒАЗЫ (Qsport.kz);

Шабуылшылар – Нұрсұлтан ҚАБЫЛБЕК (Хабар), Елдос ӨМІРХАН(Qazaq radiolary).

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here