Сегізінші маусымның жүлдегерлері толығымен анықталды

0
139
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Бұл турда ешқандай сенсация тіркелген жоқ. Көшбасындағы үш команда да жеңіске жетті. Турдың орталық ойынына бағаланған екі матч болған. Сол екеуіне тоқталып өтсек.

Ұзақ уақыт төртінші орынды ешкімге бермей келе жатқан Qazsport-тың үздік үштікке ілінетін теориялық мүмкіндігі болған. Ол үшін 13-турда ДИиК МО РК командасын жеңу керек еді. Бірақ ойын олардың пайдасына шешілген жоқ. Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі Алмас Зиятов болмаса да, қарсылас қақпасына алты гол соқты.

Есепті Дастан Қашкен ашқан. Осыдан кейін Qazsport-тың есепті теңестіретін қаншама мүмкіндігі болды. Алайда ешқайсысын пайдалана алмады. Футболда «сен соқпасаң саған соғады» деген қағида бар. Сол тәмсіл осы ойында да жүзеге асты. Бірінші таймның соңғы секундтарында алтыншы рет тәртіп бұзған спорттық арна қақпасына 10 метрлік айып соққысы белгілінеді. Нүктеге келген Әлішер Келгенбай мүлт кеткен жоқ.

Екінші 20 минуттық «Келенбайдың жеке фествиалына» айналды. Ол қатарынан 4 гол кіргізді. Салған голдарының әрқайсысы бір-бірінен өткен. Айтпақшы, екінші таймның басында Qazsport капитаны Эльдар Аманбаев екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылған болатын. Эльдар әрине бұған келіспеді. Бірақ төреші өз дегенінен қайтпай тұрып алды. Ал матчтағы есеп 6:0-ге жеткенде Нұрмұхамед Байсүгіровтің өзі шыдай алмай, жейдесін шешіп сыртқа шығып кетті.

Осылайша, Qazsport үшінші орыннан біржола күдерін үзді. Енді тіпті төртінші орыннан да айырылып қалуы мүмкін. Егер соңғы Астана командасын жеңбесе, Қазмедианы ұзатып алуы мүмкін.

Ал Qazaq radiolary мен Астана ТВ тартысты ойын көрсетті. Бұл кездесуге Қостанайда жүрген Qazaq radiolary-ның шабуылшысы Ибраһим Еренғайып та келіп қосылды. Ол лигада соңғы рет 2019 жылы кубоктың финалында ойнап, хет-трик жасаған. Бұл жолы да алаңнан бос кеткен жоқ. Қарсылас қақпасына хет-трик жасады.

Бірінші таймды Qazaq radiolary 2:0 есебімен аяқтаған. Алайда екінші кезең басталысымен Астана ойыншылары таразы басын жылдам теңестіріп үлгерді. Көзге түскен Төреби Нұрланов пен Сәбит Байхонов болды. Бірақ радио жігіттері тізгінді тартқан жоқ. Бұрыштама добы кезінде Елдос Өмірхан командасын үшінші рет алға шығарды.

Ал матчтың соңғы 3 минуты шектен тыс тартысты өтті. 37-минутта Ибраһим Еренғайып есепті 4:2-ге жеткізген. Осыдан соң, Астана қақпашысын алып тастап, бесінші ойыншыны қосты. Бұл ойлары жүзеге асып, жылдам шабуылды Сәбит Байхонов сәтті түйіндеген. Телеарна командасының кемі бір ұпай алып кетуге мүмкіндіктері бар еді. Ол жоспарды Еренғайып бұзды. Бірнеше ойыншыны алдап өтіп, Алексей Ефименко қақпасына бесінші допты кіргізді. Кездесудің нүктесін ағайынды Нұрлановтардың кенжесі Ер-Ұлан қойды. Қорытынды есеп – 5:4 Qazaq radiolary пайдасына.

Енді Qazaq radiolary-ның екінші немесе үшінші орын алатыны келесі матчта шешіледі. Егер Хабардан жеңілетін болса, қола жүлдеге ие болады. Ал жеңсе күміс медаль.

Қалған матчтарға тоқталатын болсақ, Хабар мен NatGeo  ірі есептермен жеңіске жетті. Алғашқысы 16:1 есебімен Foliant-ты, екіншісі Еуразия+Орт-ны 9:1 есебімен ұтты. Алдарына үлкен мақсат қойып, бірақ жоспарлары жүзеге аспған Qsport.kz  осы жолы көптен күткен үш ұпайларына қол жеткізді. Олар Kazaknews командасынан басым түсті. Ад Қазмедиа мен Мазмұндама арасындағы кездесу аса тартысты өтті. Шиеленіскен матчта алғашқысының жолы болды (3:2). Metaratings.kz пен Хабар 24 кездесуі соңғысының пайдасына шешілді.

Мергендер көшінде Нұрсұлтан Қабылбекті енді қуып жету басқа ойыншыларға қиын болатын шығар. Foliant қақпасына 9 гол соққан Хабар шабуылшысы 41 доппен жеке-дара көш бастап тұр.  Екінші орындағы Құмарбек Азат Мазмұндамен ойында алаңнан голсыз кеткенінен бұрын келесі матчқа қатыспайтын болды. Өйткені 13-турда оған төреші қызыл қағаз көрсетті.

13-турдың нәтижелері:

QAZAQ RADIOlARY– АСТАНА ТВ – 5:4

ДИИК МО РК – QAZSPORT – 6:0

METARATINGS.KZ – ХАБАР 24 – 1:4

FOlIANT – ХАБАР – 1:16

ЕУРАЗИЯ+ОРТ – NGQ –1:9

KAZAKNEWS – QSPORT.KZ – 3:5

QAZMEDIA – МАЗМҰНДАМА – 3:2

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here