BAQ LEAGUE-нің көркін қыздырып жүрген 40 жастан астан ойыншылар

0
349
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Амангелді Сейітхан – 51 жаста

Командасы: Aiqyn-Литер

Дәл қазіргі таңда журналистер біріншілігіндегі қатысушылардың арасында ойынға келіп алаңға шығып жүргендердің ішінде ең үлкені – белгілі спорт комментаторы Амангелді Сейітхан. Ердің жасы елуден асса да, жасыл алаңда жанын беріп ойнайды. Бұған дейін журналистер біріншілігінде Kazakh TV, Жеңіс, Қаламгер, Мазмұндама командаларында ойнады. Соңғы екі маусымда Aiqyn-Литер-де жүр. Орыстардың «мастерство не пропьёшь» деген сөзі Аман-аға қатысты айтылғандай. Жылдамдығы баяуласа да, допты тоқтату, техникалық шеберлігі бұрынғыша.

Дәурен Берікқажы – 46 жаста

Командасы: Foliant

Дәурен Берікқажы алаңда көшбасшылығымен көріне білетін ойыншы. Ол өзі ойнаған команданың ешқайсысында қосалқы құрамда отырған емес. Бірнеше мәрте турдың үздік ойыншысы атанған. Маусым соңында берілетін «Үздік ойыншы», «Үздік қорғаушы» номинацияларына үміткерлердің қатарынан талай рет көрдік. Биыл өзі қызмет еткен мекеменің атынан Foliant командасын жасақтап, капитаны болған. Бірақ футболдан алған жарақаттары асқынып, екі аяғына бірдей ота жасатып, футболдан біраз алыстап қалды. Дегенмен ойындарды келіп көріп отырады.

Мұхтар Тұртаев –  44 жаста

Командасы: Qazaq radiolary

Мұхтар Тұртаев – журналистер біріншілігінен қалыс қалмайтындардың қатарынан. Негізінен қақпа күзетеді. Бірнеше рет жүлдегер болған, кубокта жеңіске жетті. 2019 жылы алаңға шығып, гол да соққанын көргенбіз.

Бірінші маусымда Sportsffa.kz командасының намысын қорғады, ал соңғы жылдары өзі қызмет ететін Qazaq radiolary командасында жүр.

Берік Уәли –  44 жаста

Командасы: ДИиК МО РК

Берік Уәли алаңнан голсыз кетпейтін шабуылшылардың қатарынан. Кейбір матчтарда тіпті хет-трик, покер де жасап жатады. Журналистер біріншілігінде Егемен Қазақстан, Qazaqstan, Qsport.kz, ДИиК МО РК командаларында ойнады.

Былтыр ДИиК МО РК жігіттерімен бірге В лигасында чемпион атанды. Биыл біріктірілген біріншіліктің жеңімпазы атануға мүмкіндігі бар.

Дастан Кенжеалин – 42 жаста

Командасы: Foliant

Дастан Кенжеалин ұзақ жылдар журналистер арасында өтетін додалардың көркін қыздырған ойыншылардың бірі. Алғашында өзі қызмет еткен Егемен Қазақстан газеті атынан команда шығарып, С. Бердіқұлов турниріне қатысып жүрді. Сонымен қатар әуесқой лигада да доп тепті. Ал BAQ league басталғанда алғашқы екі маусымда Спорт журналистер қауымдастығының Астана қалалық филиалы атынан Жеңіс командасын жасақтады. Дегенмен отбасылық жағдайларын байланысты кейбір маусымдарға қатыса алмаған еді. Биыл қайта оралды. Осы күні ол Foliant командасының құрамында доп теуіп жүр.

Қуан Шайсұлтанов – 40 жаста

Командасы: Qasport

Ағайынды Шайсұлтановтардың үлкені Qasport командасы сапында қорғаныста өнер көрсетеді. Ол биылғы біріншіліктегі лимитке сәйкес, +33 категориясына сай келеді. Әріптесі Ермек Төрениязов бір-бірін ауыстырып, тамаша ойын үлгісін көрсетіп жүр. Qasport-тың да қарқыны жаман емес. Алғашқы төртіктің қатарында.

Биыл 40 жасқа толатындар

Мазмұндама қақпашысы Ержан Байтілес, Qasport қақпашысы, Қуат Шайсұлтанов, Астана қақпашысы Кирилл Пяртель биыл 40 жасқа толады. Үшеуі де өздерін мойындатқан журналистер арасында танымал қақпашылар.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here