Aiqyn-Литер 13 ұпайын жинай ала ма?

0
316
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Команданың тарихы

Nur Otan партиясында «Нұр Медиа» деген медиахолдинг бар. Оның ішінде газет, сайт, телеарна, радио бәрі бар. Соның бірі қазақ тілінде шығатын Aiqyn және орыс тілінде Литер газеттері. Бұрын редакциясы Алматы қаласында орналасқан еді. 2018 жылы елордаға оралды. Араға бір жыл салып, Литер газетінде қызмет еткен спорт тілшісі Всеволд Хван команда жасақтап, журналистер біріншілігіне қосты.

2019 жылы жазда өткен алтыншы маусымда алғаш бақтарын сынады. Бірақ маусым бойы бірде-бір жеңіске қол жеткізе жүрді. Алты ай жүріп, 196 күн өткенде ғана Qsport.kz командасынан айлаларын асыра алады. Бұл кезде қысқы жетінші маусым басталып кеткен.

Биылғы маусымдағы мүмкіндігі

Маусым қарсаңында команда капитаны Всеволд Хван 13 ұпай жинау деген мақсат қойған. Сол межелеріне жақындап қалды. Қазіргі кезде 12 ойыннан кейін 10 ұпай бар. Алдағы екі матчтың біреуін ұтып жатса, сол тапсырмалары орындалады. Бірақ ол жағы қиындау болатын секілді. Қарсыластары азулы.

Команданың осы маусымдағы жеңістеріне тоқталатын болсақ, бірінші турда Metaratings.kz командасынан үш ұпай еншіледі. Одан кейін Foliant-пен тартысты өткен матчта бір доп айырмашылығымен жеңіске жетті. Ал ең ірі жеңістері – Еуразия+Орт командасымен болды. Бұл ойында олар қарсылас қақпасына 5 доп кіргізді. Сосын Хабар-24 ұжымымен тең түскендері бар.

Кейбір ойындарда есепте алда тұрып, қарсыласқа үш ұпайды үлестеріп бергендері бар. Мысалы, Мазмұндамамен кездесуді айтуға болады.

Aiqyn-Литер келесі маусымда В лигасында ойнайтыны белгілі. Биылғы турнир кестесінде әзірге 12 ойыннан кейін 10 ұпаймен 11-орында тұр.

Құрамы

Алғашқы екі маусымнан кейін командада біраз өзгеріс болды. Бұрынғы Sport-1959 ойыншыларын шақырған. Бірақ маусым басында келген 5 ойыншының үшеуі басқа командаға кетіп қалды. Ал Руслан Тәуірше бірінші айналымнан кейін Qazaq radiolary-на ауысты. Әйтпесе, аз уақыттың ішінде команданың көшбасшысы болып үлгерген. Енді қазір команда көшбасы Ерсұлтан Кәріпбай болып тұр. Ол да былтыр Sport-1959 командасында ойнаған. Ал трансферде Әділ Ісмағұлов, Әли Қабдолов секілді ойыншылар келді.

Бұрынғы құрамнан – Қуанышхан Сапарбаев, Всеволд Хван, Әлішер Мұқажан, Шерхан Талап, Серік Қоңырбаев, Амангелді Сейітхан бар. Айтпақшы, маусым басында қақпашы Нұрхан Шарханұлы, Жалын Тілеухор қосылған болатын.

Алдағы ойындар кестесі

Aiqyn-Литер осы аптада демалады. Одан кейін ДИик МО РК және NatGeo командаларымен кездеседі.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here