Nat Geo – қашан ТОП команда болады

0
298
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы әлемдік бренд National Geographic Қазақстанға да келген болатын. Елімізде әйгілі журналдың қазақша нұсқасы ашылғаны белгілі. Осы журналда жауапты редактор болып жұмыс істейтін Арай ізбай журналистер біріншілігінде команда құрды.Арасында  National Geographic Qazaqstan журналында істейтіні бар, өзге БАҚ өкілдерінде қызмет ететіндері бар.

Биыл біріншілік сегізінші маусымы өтіп жатса, Nat Geo осының төртеуіне қатысып үлгерді. Әзірге жүлде жағынан жетістіктері жоқ. Бір мәрте А лигасында, екі рет В лигасында ойнады.

Биылғы маусымдағы мүмкіндігі

Екі лига біріктірілген соң, команданың жүлдеге таласпайтыны анық еді. Бірақ келесі маусымда А лигасында ойнау үшін, үздік сегіздікке ілігуге әлі де мүмкіндіктері бар. азіргі кезде 12 турдан кейін тоғызыншы орында келеді. Осыған дейін 18 ұпай жинады.

Nat Geo биылғы маусымды сәтті бастаған. Алдымен Хабар 24 командасын ұтып үш ұпай еншіледі. Сосын ДИик МО РК-дан жеңілгенімен, одан кейінгі матчтарда азулы қарсыластарын қарымды қарсылық көрсетті. Мысалы, Қазмедиа және Хабармен тең түсті. Соңғысын көпшілік сенсацияға балап жатты. Арасында Metaratings.kz, Aiyn-Литер, Kazaknews командасын оңай жеңді.

Әзірге команданың сәтсіз матчтары қатарында Астанаға ірі есеппен жол беруі мен Мазмұндаман айласын асыра алмауын айтуға болатын шығар. Бұл ойын 2:2 есебімен аяқталған. Сонымен қатар аса маңызды кездесуде Qazsport-қа шамалары жетпеді. Ал Qazaq radiolary-мен өткен ойынның нәтижесі аса қатты ешкімді таңқалдыра қоймаған болар. Биылғы біріншіліктің үздіктерінің бірі Nat Geo қақпасына жауапсыз 5 гол соқты.

Құрамы

Бұл команданың негізігі құрамы аса қатты өзгере қойған жоқ. Бірақ жаңадан қосылған ойыншылары бар. Маусымның бастапқы турларында Жәнібек Базылбековтің көмегі көп тиген еді. Соңғы матчтарда келіп жүрген жоқ. Сосын Болатхан Серік биыл жақсы бабында.

Былтырғы құрамнан Талғат Қайыргелдин байқалмайды. Команданың көшбасшы ойыншыларының бірі болады деп күтілген Ернұр Досжан бірде бар, бірде жоқ.

Трансферде қосылған Олжас Күлтешов те команда сіңісіп кете алмауда. Есесіне, Дамир Ускумбаев пен Ержан Әмірхановтар ара-тұра жақсы ойын көрсетіп жүр.

Ал команданың негізі құрамы бұрыннан жүрген –  қақпашы Әнуар Құрманбаев, қорғаушы әрі команда капитаны Арай Ізбай және Тимур Айтмұхамедов, сосын Бекзат Сайназар мен Нұрәлем Жалғасұлынан жасақталған.

Команда капитаны

Бұл команданың капитаны – Арай Ізбай. Өте эмоционалды ойыншы. Матч кезінде қызып кетіп, қызыл қағаз алуы да жиі болып жатады. Дегенмен, Арай өте әмбебап ойыншы. Керек кезде қақпаға да тұрады, қорғаныста да, шабуылда да ойнап береді.

Алдағы ойындар кестесі

Алда Еуразия+Орт, Foliant және Aiqyn-Литер командаларымен кездеседі. Қарсыластары жеңіл. Егер осы ойындарда жеңіске жетіп, келесі маусымда А лигасында ойнап қалуы ықтимал.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here