Он екінші турдың таңдаулы құрамы анықталды

0
442
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Қақпашы –  Ербол КЕНЖЕБАЕВ (ДИиК МО РК)

Бұл турдың орталық ойыны ДИиК МО РК пен Qazaq radiolary арасында өткені белгілі. Осындай маңызды ойында чемпиондықтан үмітті команданың қақпасын ДИиК МО РК Ербол Кенжебаев күзеткеніне басында таңырқап қарадық. Өйткені ол бұған дейінгі маусымда ара-тұра болмаса негізінен алаңда ойнайтын. Биыл позициясын ауыстырып, қақпашы болуды дұрыс көрген екен. Бұл ойында Ербол командаластарының сенімінен шыға білді. Бірнеше қауіпті шабуылдардың бетін қайтарды. Қақпасына кірген үш голға да тікелей қатысы жоқ. Матч соңына қарай, бос қақпаға гол соғып, ойынның нүктесін қойды.

Қорғаушылар – Алмас ЗИЯТОВ (ДИиК МО РК), Назар НАЙЗАБЕКҰЛЫ (Qazaq radiolary)

Қорғаушылар жұбына лиганың дәл қазіргі ең үздік екі ойыншысын таңдадық. Орталық матчта Алмас та, Назар да көсіле шапты. Екеуі де матчты соңғы қорғаушы болып бастады. Сосын уақыт келе шабуылға араласып отырды. Алмас бұл кездесуде дубль жасады, әрі қарсылас команданың ойыншысының  автогол соғып алуына ықпал етті. Назар да алаңнан бос кеткен жоқ.

Шабуылшылар – Азамат БЕРТІСОВ (Astana TV), Ратмир ӘУБӘКІР ((Qazsport)

Шабуылдағы екеуі де 12-турда хет-трик жасап көзге түскендер. Азамат Metaratings, Ратмир Foliant қақпасын үш рет бүлк еткізді.

Резерв

Қақпашы – Мансұр СЫЗДЫҚБАЕВ (Қазмедиа)

Қорғаушылар –  Мұхтар ЫБЫРАЙЫМ (Мазмұндама), Нұрсұлтан ҚҰРМАН (Хабар)

Шабуылшылар –Нұрсұлтан ҚАБЫЛБЕК (Хабар), Жарқын ТІЛЕУХОР (Aiqyn-Литер).

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here