Мазмұндама келесі маусымда А лигасында ойнаудан ниетті

0
343
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Журналистер біріншілігінің сегізінші маусымына қатысып жатқан командалар туралы шолуымызды әрі қарай жалғастырамыз. Бұл жолы әңгіме “Мазмұндама” жайлы болмақ.

Құрылу тарихы

Команданың құрылу тарихы қызық. Біріншілілік төртінші маусымында А және В лигасына бөлінді. Сол кезде Амангелді Сейітхан бастаған аға буын өкілдері “Қаламгер” деген команда құрды. Олар В лигасында ойнады. Өздері негізгі мақсаттары жеңу емес, қарым-қатынас орнату, бір-бірімен шүйіркелесе жүріп, алаңда доп тебу дегендей қылған. Командада адам саны көбейіп кеткендіктен бесінші маусымда екіге бөлінді. Екінші командаға осы күні Шымкент қаласының әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан демеушілік етеді. Ол өзінің «Мазмұндама» қоғамдық қоры негізінде команда шығарған еді. Алайда басқа қалаға жұмыс ауыстыруына байланысты әзірге өзі ойнай алған жүр.

Команда құрамы

“Мазмұндама” – құрамы жиі ауысып тұратын команда. Қазір командада Амангелді Сейітхан жоқ. Есесіне, онымен аттас, екінші Амангелді Сейітхан қосылған. Бұрынғы құрамнан Айдын Қожахмет, Қанат Базылхан, Еркін Шәкір, Әзиз Жұмәділ жүр.

Бұған дейінгі маусымдарда команда алдарына аса қатты мақсат қоймаса, биыл ол жоспарлары өзгерген секілді. Маусым басында былтыр “Елорда ақпаратта” ойнаған Елтай Нұрғазин, Айбиек Рахымов, Аян Әбдәулиді қатарға қосқан еді. Алғашқысы трансферде Qazaq radiolary-на ауысып кетсе, соңғы екеуі жарақаттарына байланысты қатардан шығып қалды.

Одан бөлек, соңғы екі маусымда ойнап жүргендерден Амангелді Сейітхан-дж, Дүйсембаев, Дәурен Бабамұрат, Мұхтар Ыбырайым, Қанат Ысқақ бар.

Сосын биыл командаға қосылғандардың қатарында Ержан Жүніс, Дулат Нұркин, Дәурен Дариябек, Фархад Қаналыны айта аламыз.

Команда капитаны

“Мазмұндаманың” негізгі капитаны Айдын Қожахмет болатын. Одан кейін Еркін Шәкір мен Әзиз Жұмаділ вице-капитандар. Бірақ  биылғы маусымның басында команданы алаңға бастап шығу Ержан Жүніске жүктелді. Тіпті, капитандық таспа жаттығу кезінде арнайы табысталды. Осылайша “Мазмұндама” жетекшілері Ержан Жүністі өздерінде сақтап қалу үшін барлық амалды жасағандары анық.

Биылғы маусымдағы мүмкіндігі

Мазмұндамаға биыл Журналистер кубогының 1/8 финалында пенальти сериясында Foliant-тан ұтылғандары қатты батқан еді. Ал Лиганың өзінде жағдайы жақсы. Қазір команда жетінші орында келеді. Қоржындарында 11 ойыннан кейін 16 ұпай бар. Мұны көпшілік “бапкерлік қызметке” Нұрсұлтан Құрманның келуімен байланыстырады. Иә, “Хабарды” жеті дүркін чемпион қылған Құрман қазір “Мазмұндаманы” сәтті баптап жүр. Онсыз да сәйгүліктей тебініп тұрған команда жігіттеріне керемет психологтығымее соны серпін бере білген Нұрсұлтанның болжамынша “Мазмұндама” маусымды кемі 6-шы орынмен аяқтауы тиіс. Өкініштеріне қарай,  соңғы матчта NatGeo-ны екі рет ұтып тұрып, жеңісті ұстап тұра алмады. Матч тең аяқталды. Оның алдында Qsport.kz, Foliant, Aiqyn-Литер, Еуразия+Орт, Metaratings.kz командаларынан үш ұпай еншіледі.

Алдағы үш матчта жақсы нәтиже көрсетіп жатса, үздік сегіздікке енуге мүмкіндіктері бар. Келесі маусымда А лигасында ойнау үшін NatGeo-ның да үміті бар. Олар Мазмұндамадан бір ұпайға қалып тұр. Сонымен қатар Хабар 24-тің де Мазмұндамамен ұпай бірдей. Олар сегізінші орында.

Алдағы ойындар кестесі

Осы апта Қазмедиамен кездеседі. Қазіргі кезде сұрмерген атанудан үмітті Құмарбек Азат топырлатып гол соғу үшін аянып қалмасы анық. Дегенмен одан кейінгі екі ойындағы қарсыластары өздерімен жобалас. Алдымен Хабар 24-пен сосын Kazaknews жігіттерімен жолығады. Осы екі ойында 6 ұпай алса, Мазмұндаманың келесі маусымда А лигасында ойнау мүмкіндіктері жоғары.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here