№23
Маусым бойы алған ескерту қағаздарының саны үшеуге жеткен «National Geographic Qazaqstan» командасының ойыншысы Ержан Әмірханов БАҚ лига біріншілігінің 1 (бір) ойынынан аластатылады.
Шешім 2021 жылдың 15 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
№24
Хабар 24 – Kazaknews.kz
А) БАҚ лига Тәртіптік-бақылау регламентіне сәйкес, 11-ші турдың Хабар 24 – Kazaknews.kz командалары арасындағы ойында матчтың ресми тұлғасына қарсы дөрекі әрекеті үшін «Kazaknews.kz» командасының жаттықтырушысы Әлішер Келгенбай осы маусымның соңына дейін бапкер ретінде аластатылып, 10 АЕК (29 170 тг) көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, Әлішер Келгенбайға айыппұлды төлемейінше БАҚ лига ойындарында Ойыншы ретінде алаңға шығуға тиым салынды.
Шешім 2021 жылдың 15 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Ә) БАҚ лига Тәртіптік-бақылау регламентіне сәйкес, 11-ші турдың Хабар 24 – Kazaknews.kz командалары арасындағы ойында қарсыласына қарсы дөрекі әрекеті үшін «Хабар 24» командасының ойыншысы Марат Тукатов (№4) БАҚ лига біріншілігінің екі ойынынан аластатылады.
Шешім 2021 жылдың 15 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Б) БАҚ лига Тәртіптік-бақылау регламентіне сәйкес, 11-ші турдың Хабар 24 – Kazaknews.kz командалары арасындағы ойында қарсыласына қарсы дөрекі әрекеті үшін «Kazaknews.kz» командасының ойыншысы Айбек Мақсұтов (№7) БАҚ лига біріншілігінің екі ойынынан аластатылады.
Шешім 2021 жылдың 15 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
№25.
БАҚ лига Регламентіне сәйкес, 8-ші маусымының жарнасын төлемеген және толық төлемеген «Хабар», «Хабар 24», «Qsport.kz», «Еуразия+ОРТ» командаларының турнир кестесіндегі 3 (үш) ұпайлары шегеріліп, 2021 жылдың 21 қаңтарына дейін толық төлеу туралы талап етіледі.
Аталмыш мерзімге дейін толық төленген жағдайда командалардың турнир кестесіндегі ұпайлары қайтарылады.