Он бірінші турдың таңдаулы құрамы анықталды

0
397
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Қақпашы –  Еркін ШӘКІР (МАЗМҰНДАМА)

Бұл турда көзге түскен қақпашылар көп болмады. Сондықтан таңдау қиынға түсті. Qazaq radiolary екі қақпашыны кезегімен ауыстырып отырды. Салыстырмалы түрде алғанда Мазмұндаманың қақпасын күзеткен Еркін Шәкір сенімді түрде ойнады. Негізі қақпашысы Қанат Базылханның жоқтығын білдірмеді.

Қорғаушылар – Едіге ЕРЖАН (Qazsport), Назар НАЙЗАБЕКҰЛЫ (Qazaq radiolary)

Едіге Ержан бұрынғы бабына қайта келе бастады. Ол қазір Qazsport командасының көшбасшыларының бірі. Қорғаныста жүріп, шабуылға дер кезінде қосыла біледі. Бұл турда Aiqyn-Литер қақпасына өзі бір гол соқты әрі командаласына бір нәтижелі пас шығарып берді.

Жарақатынан айыққан Назар Найзабекұлы да қорғаныста сенімді ойнады. Бұл жолы гол соқпаса да, нәтижелі пастарымен көзге түсті. Qazaq radiolary-ның NGQ командасымен кездесуде ірі есеппен жеңіске жетуіне Назардың сіңірген еңбегі зор.

Шабуылшылар – Нұрсұлтан ҚАБЫЛБЕК (Хабар), Құмарбек АЗАТ (Қазмедиа)

Екі голедор осы турда гол соғуда аянып қалған жоқ. Нұрсұлтан Қабылбек Еуразия+Орт қақпасына 9 гол кірізіп, нона-трик жасады. Сол секілді Құмарбек Азат та Metaratings.kz қақпасына 10 гол соқты. Футболда 10 голды дека-трик деп атайды.

Резерв

Қақпашы – Мұхтар ТҰРТАЕВ (Qazaq radiolary)

Қорғаушылар  Бақытжан МАСАҚОВ (Хабар), Қуан ШАЙСҰЛТАНОВ (Qazsport)

Шабуылшылар – Ержан ЖҮНІС (Мазмұндама), Тұрлыжан ӘЙТЕНОВ (Metaratings.kz).

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here