Қысқаша тарихы
Астана ТВ командасын журналистер біріншілігіне жасақтап қосқан команда капитаны Әділет Құсайынов болатын. Әлі күнге дейін осы команданы алаңға бастап шығып жүрген Әділеттің өзі.
Биылғы жылмен қосқан команда алты маусым ойнап жатыр. Ең алғаш екінші маусымда қосылғна. Сол кезде қола жүлдеге қол жеткізді. Негізі чемпион атануға да мүмкіндіктері болған. Ол үшін соңғы турда Хабардан басым түсуі тиіс еді. Бірақ матч тең аяқталып, команда қола жүлдені қанағат тұтты.
Ал үшінші маусым команда үшін аса сәтті бола қойған жоқ. Ойыншылардың жарақаты, жаттығудың болмуы және басқа себептерге байланысты тіпті бестікке де іліне алмады. Осыдан кейін капитан команданы бір маусым демалтып алуды жөн көрді. Есесіне, бесінші маусымда В лигасында қарсылас шыдатқан жоқ. Алтыншы маусымда тіпті А лигасында чемпиондықтан басты үміткерлердің бірі болды. Сол кезде команда құрамында Сергей Надточей, Ратмир Әубәкір, Нұрмұхамед Байсүгіров секілді ойыншылар болды. Журналистер біріншілігіндегі матчтарға сирек келетін Надточейдің өзі алтыншы маусымда бірнеше ойынға қатысып үлгерді. Бір айта кетерлігі, Астана ТВ алтыншы маусымда Хабардан екі ойында да жеңілген жоқ. Бірінішісінде тең түссе, соңғы матчта жеңіске жетті. Команданың чемпиондықтан қалыс қалуына Егемен Қазақстан, Қазақ Радиолары, Еларнамен ойындардағы жеңілісі себеп болды. Сол жолы екінші орын алды. Ал былтыр жетінші маусымда қола жүлдеге қол жеткізді.
Биылғы маусымдағы мүмкіндігі
Енді биыл Астананың жүлдеден тыс қалу қаупі жоғары. Өйткені үшінші орындағы Хабардан 11 ұпайға қалып келеді. Қазіргі кезде Әділет Құсайынов бастаған жігіттерде 9 матчтан кейін 14 ұпай бар. Бір ойыны артық төртінші орындағы Qazsport-тан 6 ұпай кем. Астананың осы маусымдағы ең сәтсіз ойындарының қатарында Kazaknews-пен тең түсіп, Хабар 24-тен ұтылып қалуын айтуға болатын шығар. Егер осы екі матчта 6 ұпай жинағанда жүлдеге таласуға толық мүмкіндітері болар еді. Кубокта да Хабардан оңбай жеңілді.
Құрамы
Астананың құрамы негізі тұрақты. Бастапқы турларды қақпаны Кирилл Пяртель қорғаған еді. Трансферде былтырғы қақпашысы Алексей Ефименко оралды. Қорғаныста капитан Әділет Құсайынов, ағайынды Ер-Ұлан және Төреби Нұрлановтар бар. Осы арнада қызмет атқаратын Еркін Бектенов пен комментатор Александр Олейникті де тізімінен сызып тастауға болмайды.
Шабуыл шебінде Ержан Қайырғалиев, Сәбит Байхонов, Азамат Бертісов, Дарын Шеңгелбай, Бексұлтан Әмірбек секілді мықтылар жүр. Одан бөлек, жаңадан қосылған Данияр Сәукенді айтуға болады.
Алдағы ойындар кестесі
Осы аптада чемпионаттың аутсайдері Foliant күтіп тұр. Одан кейін Metaratings, Qazaq radiolary, Еуразия+ОРТ, Qazsport командалары бар. Әсіресе, Qazaq radiolary мен Qazsport командалары қиын болмақ. Егер соңғысын жеңсе, үштікке ілікпесе де, төртінші орынға табан тірері анық.