Маусым ортасында капитан ауыстырғандар

0
609
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Хабар 24
Хасен Ташенов – Марат Тукатов

Хабар 24 – журналистер біріншілігінің бірінші маусымынан бері тұрақты қатысып келе жатқан екі команданың бірі. Осы уақытқа дейін капитаны да ауыспаған еді. Дегенмен чемпионаттың орта тұсында капитан Хасен Ташенов жарақат алып,бірнеше ойындарға қатыса алмады. Сол уақытта капитандық белгіні Марат Тукатов тақты. Дегенмен, Хасен сапқа қайта оралғанымен, әлі де алаңға команданы Марат бастап шығып жүр.

Мазмұндама
Айдын Қожахмет – Ержан Жүніс

Мазмұндаманың негізгі капитаны Айдын Қожахмет болатын. Одан кейін Еркін Шәкір мен Әзиз Жұмаділ вице-капитандар. Бірақ маусым ортасында команданы алаңға бастап шығу Ержан Жүніске жүктелді. Тіпті, капитандық белгі жаттығу кезінде арнайы табысталды. Мазмұндама жетекшілері Ержан Жүністі өздерінде сақтап қалу үшін барлық амалды жасап жатыр.

Еуразия+Орт
Азамат Жанасбаев – Дарын Олжабай

Еуразия+Орт командасын жаңа маусымға жинақтап қосқан Азамат Жанасбаев болатын. Бастапқы турларда команданы алаңға өзі бастап шығып жүрді. Ал соңғы турларда капитандық белгі Дарын Олжабайға өткенін байқап жүрміз. Бірінші арнадағы таңғы бағдарлама жүргізушісі Еуразия+Орт командасының жаңа капитаны.

Foliant

Дәурен Берікқажы – Бауыржан Тәттібаев

Бұл енді мәжбүрлі жағдай. Foliant баспасын жасақтап, маусымға қосқан Дәурен Берікқажы еді. Алайда ескі жарақаты сыр беріп, екі аяғына ота жасатуға тура келді. Сондықтан маусым соңына дейін футболдан тыс қалды. Ал қазір командаға ие болып, капитандықты Бауыржан Тәтібаев өз қолына алды.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here