Журналистер кубогы: Жартылай финалға шыққан төрт мықты белгілі

0
501
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

NGQ –  AIQYN-ЛИТЕР–3:1

Бұл екі команда 1/8 финалда қарсыластын пенальти сериясынан жеңген. Aiqyn-Литер Еуразия+Орт командасынан,NGQ Қазмедиадан өткен.

Ширек финалдағы кездесуге тоқталар болсақ, Арай Ізбай бастаған жігіттер бұл жұптың фавориті саналған. Бірақ ойындары көптің көңілінен шыққан жоқ.

Әсіресе, бірінші таймда не істерлерін білмей, әбден абдырап қалды. Есесіне, газет жігіттері ширақ қимылдады. Ерсұлтан Кәріпбай есеп ашып, Aiqyn-Литерді алға да шығарған болатын. Матчтың соңында олар екінші голды да кіргізген. Алайда матчтың бас төрешісі Ғалымжан Кенжеалинов гол ысқырықтан кейін соғылды деп, есепке алмады.

Екінші таймда NGQ естерін жинап, таблодағы көрсеткішті өзгерте алды. Қатарынан үш гол соғып, жартылай финалға жолдама алды.

ДИиК МО РК –ХАБАР 24  – 1:10

Ойын тек Хабар 24 командасының жарты алаңында өтті. Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің жігіттері қарсылас дым мүмкіндік бермеді.

Негізі матчтың 4-минутында Марат Тукатов күтпеген жерден теларна командасын алға шығарған. Бірақ одан кейінгі 36 минут толықтай бір команданың басымдығымен өтті. Тіпті, қақпашы Ербол Кенжебаев іші пысып, шабуылға араласып жүрді.

ДИиК МО РК екі төрттікпен келген екен. Ауысып отырып, қарсыласын әбден шаршатты. Николай Кружальский хет-трик, Тұрсынбек Жолдыбаев пен Рүстем Смағұлов дубльден жасады.

FOlIANT – QAZAQ RADIOlARY– 0:6

Foliant мұның алдында Мазмұндаманы жарыстан шығарған. Ал Qazaq radiolary ауыспалы кубоктың иегері ретінде демалған.

Баспа жігіттері барынша қорғанып бақты. Бірінші таймда 17-минутқа дейін төтеп берген. Бірақ одан әріге шамалары жеткен жоқ.

Радионың жылдам ойыншылары қарсыласын әбден шаршатты. Елдом Өмірхан хет-трик, Әлішер Өмірзақ дубль жасады. Біреуі автогол болды. Қорытынды есеп – 6:0.

QAZSPORT– ХАБАР – 2:4

Ширек финалдағы бір-біріне ең лайықты жұп осы екеуі болатын. Екі дүркін кубок иегерлеріне Qazsport біраз қарсылық көрсетті. Тіпті, матчты пенальти сериясына да жеткізуге болар еді. Оған соңғы минуттар қателіктер мүмкіндік бермеді.

Qazsport-тың осы матчқа екі мықтысы келе алмады. Ратмир Әубәкір мен Нұрмұхамед Байсүгіров әр түрлі себептерге байланысты кездесуден тыс қалған. Есесіне, Мағжан Жұмабаев ашылып ойнады. Есепті де Qazsport-тың 10-нөмірлі ойыншысы ашқан. Ол бірінші таймда Нұрсұлтан Құрман пас берудегі қателігін тиімді пайдалана алды.

Хабардың ойыны жүрмей жатқан еді, оған Qazsport қақпашысы Қуат Шайсұлтанов өзі көмектесіп жіберді. Алдымен Бимұхамед Букеевтің алыстан тепкен добын жіберіп алса, одан кейін қолында тұрған доптан айырылып, командасын қиын жағдайға қалдырды.

Екінші таймда спорттық арна таразы басын теңестірген. Керек жерден табыла кететін Эльдар Аманбаев мергендігімен көзге түсті. Нәтижелі пастың авторы – Мағжан Жұмабаев.

Qazsport-тың бар жоспарын соңғы минуттағы қателіктері құртты. Ойынның 39-минутында Нұрсұлтан Қабылбек айып соққысынан кейін қақпаның бұрышында жалғыз тұрған Бақытжан Масақовқа пас асыра салған. Ол өз кезегінде мүлт кеткен жоқ. Арада тағы бір минут өткенде осы жағдай тағы қайталанды. Тағы да айып соққысы. Тағы да сол шамадағы нүкте. Голды да соққан Масақов. Тек пас берген Букеев болды. Қорытынды есеп -4:2.

Жартылай финалда кездесетіндер:

NGQ – ДИиК МО РК

Qazaq radiolary – Хабар

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here