Қақпашы – Айбек ҚАБЫЛША (Хабар)
Тоғызыншы турмен салыстырғанда бұл турда ерекше көзге түскен қақпашы бола қойған жоқ. Qsport.kz қақпашысы алғашқы 25 минут ДИиК МО РК шабуылына төтеп бергенімен, одан кейін қатарынан 8 гол жіберді. Астана ТВ қақпашысы Алексей Ефименко да осы жолы бабында болмады.
Басқалармен салыстырғанда Хабар қақпашысы Айбек Қабылша сенімді ойнады. Сондықтан негізгі құрамға таңдап отырмыз.
Қорғаушылар – Бимұхамед БУКЕЕВ (Хабар), Ермек ТӨРЕНИЯЗОВ (Qazsport)
Қорғаушылардан біраз ойыншыны айтуға болады. Бірақ оның ішінде екеуін таңдап алдық. Маңызды матчтарда ғана бой көрсететін Бимухамед Букеев бұл жолы да сенімді ақтады. Қорғаныс пен шабуылда қатар белсенді болған ол Астана қақпасына дубль жасады. Қорғаныста да қателік жібермеді.
Қорғаныстың екінші тұтқасын Ермек Төрениязовқа тапсырмақпыз. Оныншы турда көптеген шабуылдарды өзі бастап беріп отырды. Сонымен қатар Хабар 24 қақпасына маңызды гол да соқты. Соңында қақпаға да тұрып көрді.
Шабуылшылар – Құмарбек АЗАТ (Қазмедиа),Жандос МАНАШЕВ (Qazaq radiolary)
Ортаңқол командаларға қарсы ойында Құмарбектің жұлдызы жанады. Көбінесе, топ-матчтарда көрінбей қалады. Бұл жолы ол Aiqyn-Литер қақпасына пента-трик жасап, мергендер көшіндегі жағдайын біраз түзеп алды.
Ал 40 күндік әскери борышын өтеп келген Жандос Манашев 10-турда Metaratings.kz қақпасына дубль жасады. Жандостың матчтың басындағы алғашқы екі голы түгел ойын тағдырын шешті. Қорғаныс пен шабуылға бірдей үлгеретін Жандос осы турдың үздіктерінің бірі.
Резерв:
Қақпашы – Ербол Кенжебаев (ДИиК МО РК)
Қорғаушылар – Диар ЫДЫРЫС (Kazaknews), Тұрсынбек ЖОЛДЫБАЕВ ДИиК МО РК)
Шабуылшылар – Ержан ЖҮНІС (Мазмұндама), Нұрмұхамед БАЙСҮГІРОВ (Qazsport)