KAZAKNEWS – ЕУРАЗИЯ+ОРТ – 2:1
Турдың шымылдық ашар ойынында Kazaknews пен Еуразия+Орт командалары кездесті. Бұл екі ұжым бұған дейін 8 матчта 7 ұпайдан жинған. Екеуінің деңгейлері де шамалас. Бірақ бапкері бар Kazaknews соңғы минутта жеңісті жұлып әкетті.
Алдымен есепті Kazaknews капитаны Наурызбек Лесов ашқан. Екінші таймда Еуразия сапынан Еламан Жарқынбек таразы басын теңестірген. Дегенмен матчтың соңында Диар Ыдырыс сайт жігіттеріне үш ұпай сыйлады.
QAZAQ RADIOlARY– METARATINGS.KZ – 5:1
Qazaq radiolary чемпиондыққа тартысты әлі де жалғастырып келе жатыр. Бұл жолы олар осы біріншіліктің аутсайдерлерінің бірі Metaratings.kz командасын жеңді. Команданың бас бапкері әрі көшбасшысы Назар Найзабекұлы жарақатына байланысты ойынды сырттан тамашалады. Соған қарамастан өзге жігіттер де сенімді ақтады. 40 күндік әскер қатарынан оралған Жандос Манашев бірінші таймда дубль жасап, ойынның қалай өрбитінін байқатқан. Одан кейін тағы үш гол кірді.
Ал Metaratings.kz сапынан кездесудің соңында Тұрлыжан Әйтенов тура бір соққымен ғана жауап қайтара алды. Қорытынды есеп – 5:1.
Aiqyn-Литер – ҚАЗМЕДИА – 3:9
Қазмедиа үшін қиын ойындар артта қалғандай. Қатарынан бірнеше матчтв тек көшбасындағы командалармен кездесіп, әбден ұпай таратушы рөлінде болған Марғұлан Ибраев бастаған жігіттердің енді өздерінің де ұпай жинайтын кезі келді. Бұл жолы олар Aiqyn-Литер-дің осал тұсын тапты.
Негізі газет жігіттері бірінші таймда біраз кескілескен. Ерсұлтан Кәріпбай мен Қуанышхан Сапарбаев гол да соғып, есеп 2:2 болып тұрған кезі де бар. Алайда Құмарбек Азат өзі белсеніп голдарды бірінен соң бірін топырлатты.. Әсіресе, екінші таймда аямады. Нәтижесінде 9:3 есебімен жеңіске жетті.
Осы матчта үшінші сары қағазын алған Aiqyn-Литер қорғаушысы Ерсұлтан Кәріпбай келесі матчқа қатыса алмайды.
ДИИК МО РК – QSPORT.KZ – 8:0
Таблодағы есеп пен ойынның ырғағын салыстыруға келмес. Бірінші тайм тіпті 0:0 есебімен аяқталды. Екінші кезеңнің алғашқы бес минутында да Qsport.kz «әскери» жігіттерге тұрып берді.
Барлығын Алмас Зиятовтың 25-минуттағы айып соққысы бұзды. Одан кейін Николай Кружальский екінші голды соқты. Бұдан соң Qsport.kz-тың жоспары бұзылды. Екі гол жібергеннен кейін шабуылдап көрмекші болып еді, қорғанысы ашылып қалды. Ондай қателікті кешіретін ДИиК МО РК командасы жоқ. Есепті 8:0-ге дейін жеткізді.
ХАБАР 24 – QAZSPORT – 2:5
Бұл ойынды екі таймға бөліп қарастыруға болады. Бірінші кезеңде Хабар 24 алда болған. Бейімбет Молдағалидың соққан голы үзіліске дейін сақталып тұрды.
Екінші кезеңде Qazsport тізгінді өз қолдарына алып, бес гол кіргізді. Алдымен Ермек Төрениязов таразы басын теңестірген. Одан кейін Ратмир Әубәкір мен капитан Эльдар Аманбаев спорттық арнаны алға шығарды. Матчтың соңғы жағында Нұрмұхамед Байсүгіров дубльдің авторы атанды.
Әйтеуір, Хабар 24-тен Шыңғыс Мұса айып соққысын сәтті орында демесеңіз, арт жағында қарсыласқа қауқар көрсете алмады. Қорытынды есеп – 5:2.
10 матчта 20 ұпай жинаған Qazsport турнир кестесінің төртінші сатысын ешкімге берер емес. Хабар 24 әзірге 13 ұпай жетінші орыннан қозғалған жоқ.
MAZMUNDAMA – FOlIANT – 5:1
Журналистер кубогының 1/8 финалында пенальти сериясында Foliant командасына есе жібергеннен кейін Мазмұндама жігіттері бұл матчқа тыңғылықты дайындалып келген тәрізді. Оның үстіне өткен турда демалғандары тағы бар. Алаңға шыға салысымен бар күштерін салып ойнады.
Бірінші таймда капитан Ержан Жүніс дубльдің авторы атанып үлгерсе, бір голды Әзиз Жұмаділ соқты.
Екінші кезеңде Амангелді Сейітханның қос голына Foliant бір тура соққымен ғана жауап қайтара алды. Қорытынды есеп – 5:1.
ХАБАР – АСТАНА ТВ – 5:1
Астана ТВ командасын түсіну қиын. Басқа-басқа Хабарға келгенде ойындары жүрмей қалады. Кубокта 0:8 есебімен ұтылған. Бұл жолы да қарымды қарсылық көрсете алмады.
Хабардан Нұрсұлтан Қабылбек пен Бимұхамед Букеев екі голдан кіргізді. Бір голды Шыңғыс Ерғалиев өз атына жазды. Астана әйтеуір алаңнан голсыз кетпеді. Командаға жаңадан қосылған Данияр Сәукен мергендік танытты.
Оныншы турдан кейін үштік өзгермейтін байқалды. Үшінші орындағы Хабар төртінші орындағы Qazsport –тан бесі ұпайға алда әрі бір ойыны кем. Енді тек осы үшеудің қайсысы қай орынды алатынын анықтау қалған тәрізді. Мысалы, ДИиК МО РК командасы келесі турда жеңіске жетсе, үшінші орыннан төмен түспейтіні белгілі болады.