Тоғызыншы турдың таңдаулы құрамы анықталды

0
327
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Қақпашы – Алексей ЕФИМЕНКО

Алматыдан оралған Астана ТВ командасының қақпашысы Алексей Ефименко ДИиК МО РК командасымен ойында өте сенімді ойнады. Егер әріптесі Төреби Нұрлановтың екі қателігі болмағанда тіпті тең есепті ұстап қалар ма еді? Әйтпесе, 40 минуттың ішінде бірнеше қауіпті соққының бетін қайтарды.

Қорғаушылар – Назар НАЙЗАБЕКҰЛЫ (Qazaq radiolary), Едіге ЕРЖАН (Qazsport)

Тоғызыншы турдың орталық ойыны Qazaq radiolary мен Қазмедиа арасында өрбіген. Бұл матчта алғашқы голды Қазмедиа соққанымен, одан кейін ойын тізгінін Qazaq radiolary берген жоқ. Матч тағдырын қорғаушы Назар Найзабекұлының алыстан тепкен екі жойқын соққысы шешіп кетті.

Едіге бабына келе алмай, ойынын таппай жүрген. Соңғы кездесулерде жақсы жағынан көзге түсіп жүр. Тоғызыншы турда дәл пастарымен әрі қорғаныстағы сенімді ойынымен ерледі. Өзі де бір гол соқты.

Шабуылшылар – Нұрсұлтан ҚАБЫЛБЕК (Хабар),Еламан ЖАРҚЫНБЕК (Еуразия+Орт)

Нұрсұлтан Қабылбек журналистер біріншілігіндегі үздіктердің бірі. Әр ойында алаңнан голсыз кетпейді. Тоғызыншы турда ол Aiqyn-Литер қақпасына покер жасады.

Еуразия+Орт мен QSport.kz кездесуінде көпшілік екіншісін фаворит санаған. Бірақ Еуразия жігіттері мұнымен келіскен жоқ. Әсіресе, шабуылшы Еламан Жарқынбек белсеніп, дубль жасады. Ол командасының үш ұпай еншілеуіне ерекше үлесін қосты.

Резерв:
Қақпашы –Мұхтар ТҰРТАЕВ (Qazaq radiolary)

Қорғаушылар – Алмас ЗИЯТОВ (ДИиК МО РК) Диар ЫДЫРЫС (Kazaknews)

Шабуылшылар – Қолғанат САЛИН (Хабар), Бейімбет МОЛДАҒАЛИ (Хабар 24)

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here