Қазмедиа үштіктен үмітін үзді ме?

0
434
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Жалпы, Қазмедианың журналистер біріншілігінде тарихы қызық. Әуел де бұл команданы лигаға осы күні Хабар 24 қақпасын күзетіп жүрген Саят Сабырбаев қосқан. Ол кезде Қазмедиа 11 команданың ішінде 10-орын алған. Екінші маусымда да турнир кестесінің соңғы жағында қалып қойды. Ал үшінші маусымда үлкен өзгеріске куә болдық. Екі маусым Жеңіс командасында ойнаған Марғұлан Ибраев жаңарған Қазмедианың капитаны атанды. Оның үстіне, өзімен бірге Жеңісте ойнаған жігіттерді Қазмедиаға жинады. Арасында Құмарбек Азат та бар. Үшінші маусым жемісті болып, команда қола жүлдеге ие болды.

Төртінші маусымда біріншілік екіге бөлінген еді. Бірақ А лигасында ойнаған Қазмедиа қатырған жоқ. Есесіне, бесінші маусымда чемпиондыққа таласып көрді. Журналистер біріншілігінде үш маусым ойнап, бір рет күміс, бір рет қола медальға ие болған ЦАИ МИР РК командасының бес бірдей белді ойыншысы Қазмедиаға қосылды. Хабардан үздік қорғаушы Ершат Қожатаев ауысты. Алғашқы үш маусымда үш түрлі ұжымда болған Азамат Бертісов те осында келді. Қазмедиа А лигасында Хабардан басқаларының бәрін екі реттен жеңіп шықты. Тек бірінші және соңғы турда Хабарға есе жіберіп алды. Соңғы шешуші чемпиондыққа ойында оларға тең нәтиже де жеткілікті болатын. Матчтың бітуіне 7 минут қалғанда 5:3 есебімен алда тұрған. Алайда соңғы минуттарда жүйкелері сыр беріп, қатарынан 4 гол жіберіп ұтылды. Осылайша, қолда тұрған чемпиондықтан айырылды.

Айтпақшы, Марғұлан Ибраев журналистер біріншілігінде Қазмедиа А және Қазмедиа В деп екі лигада ойнайтын екі команда құрғаны бар. Алтыншы мауымда В лигасына Құмарбек Азат пен Ершат Қожатаевты алдырып топ жарған. Соңғы екі маусымда бұл мекемеден тек бір команда ойнап жүр.

Биылғы маусымда Қазмедиа мықтылардың бірде-біреуін ұтқан жоқ. Топ басындағы ДИиК МО РК, Qazaq radiolary, Хабар үшеуіне де есе жіберді. Qazsport, NGQ және Астана ТВ ұжымдарымен тең түсті. Ұпайды тек аутсайдерлерден жинап жүр. Команданың үштікке ілігу ықтималдығы төмендеу. Әзірге 8 ойыннан кейін 9 ғана ұпай жинады. Турнир кестесінде сегізінші ортасында тұр. Үшінші орындағы Хабардан 13 ұпайға қалып қойған.

Трансферлік ауысымда QSport.kz командасынан Асқар Мұхтаров пен Алмас Қожагелді ауысып келді. Соның өзінде команданың күшейгені байқалмайды. Бас сұрмерген Құмарбек Азат ТОП-матчтар да көрінбей қалып жүр.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here