Үштік ұзап барады

0
360
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

QSPORT.KZ – ЕУРАЗИЯ+ОРТ – 1:3

Qsport.kz командасы осы маусымға ерекше қарқынмен кірісіп еді. Бірақ жоспарларымен жинаған ұпайлары сәйскес келмей жүр. Осының алдында Хабар 24-ке есе жіберсе, 9-турда Еуразия+Орт командасынан ұтылып қалды.Бұлай жалғаса берсе, алғашқы сегіздіккке ілігу қиынға соғар.

Ойынға тоқталсақ, бірінші тайм 0:0 есебімен аяқталғанымен, екінші таймда телеарна жігіттерін тоқтату мүмкін болмады. Қорытынды есеп 3:1. Сөйтіп, Еуразия+Орт командасы 7 ұпайы бар Aiqyn-Литер ұжымын қуып жетті.

AIQYN-ЛИТЕР – ХАБАР – 1:10

Аталған матчта ешқандай сенсация тіркелген жоқ. Хабар бар мәселені бірінші таймда-ақ шешіп тастады. Екінші кезеңде тек матчтың біткенін күтіп жүрді. Тіпті, есеп 0:6 кезінде матчқа келіп қосылған Ерсұлтан Кәріпбайдан да пайда көп бола қойған жоқ.

Әдеттегідей Хабардың капитаны Нұрсұлтан Қабылбек покерін жасады. Жаңадан қосылған Қолғанат Салин хет-триктің авторы атанды. Шыңғыс Ерғалиев бір голды соқса, тағы біреуін Aiqyn-Литер ойыншысы өз қақпасына кіргізіп алды. Газет жігіттері де ойыннан құралақан кетпей, Айбек Қабылша қақпасынан бір мәрте саңылау тапты.

FOlIANT – ХАБАР 24 – 2:3

Хабар-24 қатарынан үш матчта 9 ұпай жинап, турнир кестесінде жетінші орынға көтерілді.

Бірақ осы турда оларға оңай болған жоқ. Басында 0:2 есебімен жеңіліп жатқан.

Бірінші таймда Foliant капитаны Бауыржан Тәттібаев есепті ашты. Оған қолмен қойғандай пасты шығарып берген қорғаушы Аян Махамадиев болатын.

Foliant үшін екінші таймда сәтті басталды. Хабар 24 командасының үздіктерінің бірі Марат Тукатов допты қақпашы Саят Сабырбаевқа ысыра салған. Өз кезегінде Саят ауынан допты әдейі өткізіп жіберді. Бұл жерде қақпашының не ойлағанын түсінбедік.

Бірақ телеарна жігіттері естерін тез жиды. Кезекті шабуылдардың бірінде Бейімбет Молдағали қақпашының жақын бұрышын дәл көздеді.

Екі тур қатарынан үздік қақпашы атанған Талғат Саржановқа көз тиді ме әлде басқа себебі бар ма осы жолы жиі қателесті. Қақпасына кірген үш голға да Талғаттың тікелей қатысы бар.

Өйткені Аслан Мыңбаев пен Нұрахмет Бектұрғановтың алыстан тепкен доптарына дейін қақпада тулап жатты. Сөйтіп, Хабар 24 камбэк жасап, жеңісті жұлып алды.

АСТАНА ТВ – ДИИК МО РК – 0:2

Осы маусымда алғаш рет ДИиК МО РК командасының бес голдан аз соққанын көрдік.

Астана жігіттері талай рет бірге жаттығу жасап жүрген қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіндегі әріптестеріне қарымды қарсылық көрсетті. Әсіресе, қақпашысы Алексей Ефименконы ерекше айтуға болады. Әуесқой футбол лигасында Алексей дәл осы команданың қақпасын күзетеді. Сондықтан қарсылас команданың ойыншыларының қыр-сырын әбден меңгеріп алған.

Негізі бірінші таймда Астана есепті де ашар еді. Бірақ Сәбит Байхонов әріптесі Әділет Құсайыновқа пас беру кезінде асығып кетті.

Ал жеңіліске тікелей Төреби Нұрланов кінәлі. Оның екі бірдей қателігі голға әкелді. Біріншісінде Әлішер Келгенбай одан допты жұлып алып, Алмас Зиятовқа сырғыта салды. Өз кезегінде Алмас қателескен жоқ. Екіншісінде Николай Кружальский мергендік танытты.

QAZMEDIA – QAZAQ RADIOlARY–  1:3

Қазмедиа биыл лиганың үздіктерінің бірде-біреуін ұта алмады. Бұған дейін Хабар, ДИиК МО РК командаларынан жеңілген еді. NGQ пен Qazsport ұжымдарымен тең түсті. Осы жолы Qazaq radiolary-на есе жіберді.

Негізі матч Қазмедиа үшін сәтті басталған. Қорғаушы Ершат Қожатаев сол аяғымен сылқ еткізіп, есепті ашқан. Бірақ қуаныштары ұзаққа созылған жоқ. Үзіліске дейін Qazaq radiolary жаттығуда дайындаған стандартын сәтті жүзеге асырып, таразы басын теңестірді. Гол авторы – Елдос Өмірхан.

Екінші таймда Назар Найзабеков ойын тізгінін өз қолына алып, алыстан жойқын соққысымен екі гол кіргізді. Қорытынды есеп – 3:1.

NGQ – QAZSPORT – 1:3

Екеуінің деңгейі бір-бірімен шамалас. Ойын да тең жағдайда өтті. Есепті NGQ капитаны Арай Ізбай ашқан.

Бірақ Qazsport қарап қалмай, қатарынан үш гол соқты. Алдымен Мәдижан Әбдуғали құлап жатып, таразы басын теңестірді.

Одан кейін команданың капитаны әрі үздік сұрмергені Эльдар Аманбаев тағы да жоқ жерден гол соғып кетті. Эльдар өзінің артықшылықтарын тиімді пайдаланалатын, баспен ойлана білетін ойыншы. Бұл жолы Ернұр Досжановтың қателескенін тиімді өз керегіне жаратты.

Ал матчтың нүктесін Едіге Ержан қойды. Қорытынды есеп – 3:1. Осы жеңістен кейін Qazsport төртінші орынға көтерілді.

METARATINGS.KZ – KAZAKNEWS – 0:2

Аутсайдерлер арасындағы ойында ұзақ уақыт есеп ашылмады. Тек екінші таймның соңғы жағында Азамат Ерболатов пен Әбдіманап Кеңес көзге түсіп, Kazaknews командасына үш ұпай сыйлады. Осы жеңістен кейін олар Aiqyn-Литер мен Еуразия+Орт ұжымдарын қуып жетті. Үш командада жеті ұпайдан бар.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here