Сегізінші турдың таңдаулы құрамы анықталды

0
410
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Қақпашы – Нұрахмет БЕКТҰРҒАНОВ (Хабар-24)

Хабар-24 командасында қақпашы жиі ауысады. Бірде капитан Хасен Ташенов, біресе Саят Сабырбаев тұрады. Соңғы екі турда қақпаны әмбебап Нұрахмет Бектұрғанов күзетті. Бәлкім, содан болар бұл екі ойында Хабар-24 командасының жеңісімен аяқталды.

Сегізінші турда Хабар-24 өздерімен шамаласы Qsport.kz-пен кездесті. Бұл ойын 1:0 есебімен яқталды. Матчтың соңғы жағында алтыншы фол болып, Qsport.kz 10 метрлік айып соққысын екі рет тепті. Алдымен Еламан Әмірғазы, одан кейін Нұрбек Қойлыбаев мүлт кетті. Осы екі қауіпті соққыны да қайтарған қақпашы Нұрахмет Бектұрғанов болатын.

Қорғаушылар – Назар НАЙЗАБЕКҰЛЫ (Qazaq radiolary), Ер-Ұлан НҰРЛАНОВ (Астана ТВ)

Сегізінші турдың орталық ойыны Qazaq radiolary мен Qazsport арасында өтті. Спорттық телеарна 3-минутта Эльдар Аманбаевтың голынан кейін алға шыққан. Радио жігіттері бірінші таймда қанша тырысқанымен, есепті теңестіре алмай қойды. Ал екінші кезеңде Назар Найзабекұлы өзі белсеніп, жойқын соққысымен қарсылас қақпасынан саңылау тапты. Осыдан кейін ғана Qazaq radiolary командасының ойыны жүре бастады.

Астана ТВ арнасы соңғы кездері ала-құла ойнап жүр. Бұл турда тіпті, Мазмұндамадан ұтылып қалуы мүмкін еді. Бірақ дер кезінде қорғаушы Ер-Ұлан Нұрланов араласып, ойын тізгінін өз қолына ала білді. Оның соққан голы турдың ең әдемі голдарының қатарына енді.

Шабуылшылар –Дастан ҚАШКЕНОВ (ДИиК МО РК),  Нұрсұлтан ҚАБЫЛБЕК (Хабар)

ДИик МО РК командасы бұл турда да ірі есеппен жеңіске жетті. Олар Еуразия+Орт қақпасына 17 гол соқты. Қосалқы құрамдағы ойыншыларына дейін де мергендік танытты. Дегенмен солардың ішінен Дастан Қашкеновті ерекше айтуға болады. Ол бұл матчта хет-трик жасады. Дрибилингтері де сәтті шықты. Матчтың үздік ойыншысы атанды.

Өткен турдың үздік ойыншысы Нұрсұлтан Қабылбек бұл жолы да айылын жимай, Metaratings.kz қақпасын үш рет дәл көздеді. Бірінші таймда Нұрсұлтанды тұсап ұстайтын ешкім табылмады. Сондықтан қатарынан екінші тур таңдаулы құрамға еніп отыр.

Резерв:
Қақпашы –Мұхтар ТҰРТАЕВ (Qazaq radiolary)

Қорғаушылар – Тұрсынбек ЖОЛДЫБАЕВ (ДИиК МО РК), Ержан ӘМІРХАНОВ (NGQ)

Шабуылшылар – Азамат БЕРТІСОВ (Астана ТВ), Бекболат КӘРІБАЙ (Qazaq radiolary).

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here