Qazaq radiolary-ның қос күмісі қашан алтынға айналады?

0
405
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Осы 8 маусым ішінде Qazaq radiolary командасын екі кезеңге бөліп қарастыруға болады. Бастапқы маусымдарда капитан Мұхамедәли Болатұлы болды. Сосын ол кезде Досымжан Ермұрат, Еділ Анықбай, Нұрмат Мансұров секілді тәжірибелі «радиожурналистер» ойнады.  Ал команданың негізгі жұлдызы Нұрсұлтан Қабылбек пен Ибраһим Еренғайып еді. Одан бөлек, қазіргі капитан Бекнұр Нұрмағанбет бар.

Журналистер лигасының бірінші маусымы Qazaq radiolary үшін сәтті аяқталып, күміс медальға қол жеткізді. Тіпті, Sportsffa.kz командасынан жеңілмегенде топ жарар еді. Осыдан соң, екінші маусымда чемпиондыққа тағы таласа ма деп едік, бірақ алтыншы орынннан әрі асқан жоқ.

Ал үшінші маусымда команда құрамы жасара бастады. Капитандықты Бекнұр Нұрмағанбет өз қолына алды. Шыңғыс Ерғалиев, Мадияр Молдадосов, Ержан Қожабеков, Ибраһим Еренғайып секілді ойыншылар негізгі құрамда өнер көрсетті. Бастапқы 5 турда ешкімге есе жібермеген олар кейіннен ала-құла ойнауды бастады. Кейбір ойыншылары матчқа келмей де жүрді. Сөйтіп, маусымды жетінші орынмен қорытындылады.

Төртінші маусымда Шыңғыс Ерғалиев пен Мадияр Молдадосов Хабардың жейдесін киді. Тағы басқа ойыншылары да өзге команданы жағалап кетті. Сондықтан Qazaq radiolary бұл маусымнан тыс қалды.

Бесінші маусымнан бастап, Qazaq radiolary-ның жаңа тынысы ашылды. Радио басшылығына келген Құрманбек Жұмағали мен оның орынбасары Ержан Жүністің футболға деген қызығушылығы ерекше екендігі байқалды. Сондықтан допты тәуір тебетін жігіттерге жұмыс ұсынып, журналистер біріншілігіне жаңа команда жасақтады. Бала кезінен дзюдо айналысып, спорт шебері нормативін орындаған Назар Найзабекұлы футболға да қабілетті болып шықты. Осы күні Qazaq radiolary ЖШС мекемесінде қызмет атқаратын Назар команданың көшбасшысы әрі бапкері. Оның қасында да біраз жігіттер қосылды.

Бесінші маусымнан бері Qazaq radiolary командасының жеткен жетістікктері мынандай:

V маусым – В лигасының күміс жүлдегері;

VI маусым – А лигасының қола жүлдегері, Журналистер кубогының иегері;

VII маусым – А лигасының күміс жүлдегері.

Жетінші маусымда Хабармен екі рет тең ойнады. Егер соңғы турда жеңіске жеткенде, көптен күткен чемпиондықтарына ие болушы еді. Бірақ бұл тапсырма тағы бір маусымға кейінге шегерілді.

Биылғы маусымда Qazaq radiolary 7 ойынның барлығын жеңіспен аяқтап, 21 ұпай жинап үлгерді. Ең негізгі ойындар әлі алда. Мықтылардың көбісімен енді кездеседі. Сол кезде команданың әуселесі байқалады. Трансферде құрамдарын біраз жаңартты. Мәди Ысқақов, Елтай Нұрғазин, Әсет Нұрғалиев, Жандос Манашев, Сайндолла Жангелдиин, Руслан Тәуірше, Мирас Қайырхан секілді ойыншылар қосылды.

Осыған дейін журналистер біріншілігінің екі күмісін жеңіп алған команда биыл Хабар мен ДИик МО РК ұжымдарына төтеп беріп, бас жүлдені қанжығаларына байлай ма? Ол енді уақыттың еншісінде. «Балапанды күзде санайтындай» бұл сұрақты жауабын 15-турда білетін боламыз.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here