Қақпашы – Талғат САРЖАНОВ (Foliant)
Foliant командасының негізгі қақпашысы қатарынан екі ойында таңдаулы құрамға еніп отыр. Осының алдында Kazaknews-пен ойында командасының жеңіске жетуін орасан зор үлесін қосып еді. Бұл жолы Qazaq radiolary-ның бірнеше қауіпті шабуылына тойтарыс берді. Әдетте аутсайдерлерді аямайтын радио жігіттері 7-турда екі доппен шектелді. Бұл бірінші кезекте қақпашы Талғат Саржановтың еңбегінің арқасында.
Қорғаушылар – Ернұр ДОСЖАНОВ (NGQ), Бимұхамед БУКЕЕВ (Хабар)
Қорғанысқа Ернұр Досжанов пен Бимұхамед Букеев жұбын таңдадық. Бұл екеуі үшінші маусымның бірінші айналымында Хабар-24 сапында бірге ойнаған. Қазір екеуі екі команда құрамында.
Ернұр Qsport.kz-пен ойында қорғаныств да, шабуылда белсенді болды. Биылғы маусымдағы небәрі екінші ойынында дубль жасап, лигадағы үздіктердің бірі екенін байқатты.
Ал Бимұхамед журналистер біріншілігінің барлық ойындарына келе бермейді. Көбінесе маңызды матчтарда ойнайды. Бұл жолы Хабар Қазмедиамен кездесіп, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Орталық ойында Құмарбек Азат секілді адуынды шабуылшыларды ұстап, гол жібермеу оңай емес. Тіпті, бос қақпаға кіріп бара жатқан допты да алып шыққан Букеев болатын.
Шабуылшылар – Ратмир ӘУБӘКІР (Qazsport), Нұрсұлтан ҚАБЫЛБЕК (Хабар)
Жетінші турда жұлдызы жанған ойыншының бірі – Ратмир болды. Ол Kazaknews қақпасына бірінен-бір өткен әдемі үш гол соқты. Командасының төртінші орынға көтерілуіне ерекше үлесін қосты.
Ірі матчтардың тағдырын ТОП-ойыншылар шешеді деп жатады. Журналистер біріншілігінде сондай деңгейлі ойыншының бірі – Нұрсұлтан Қабылбек. Ол Қазмедиамен өткен кездесуде 20 минутқа дейін жалғасқан үнсіздікті бұзып, дубль жасады. Осы матчтың ғана емес, турдың да үздіктерінің бірі болды.
Резерв:
Қақпашы – Нұрахмет БЕКТҰРҒАНОВ (Хабар-24)
Қорғаушылар – Нұрсұлтан ҚҰРМАН (Хабар), Азамат ФАЗЫЛОВ (Foliant)
Шабуылшылар – Алмас ЗИЯТОВ (ДИиК МО РК),Ержан Жүніс (Мазмұндама).