Aiqyn-Liter ойыншысы алты ойынға жазаланды

0
2226
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

№12

Мазмұндама – Aiqyn-Liter

БАҚ лига Тәртіптік-бақылау регламентіне сәйкес, Төрешінің ысқырығынан кейінгі өрескел әрекеттері үшін «Aiqyn-Liter» командасының ойыншысы Әлішер Мұқажан (№2) БАҚ лига біріншілігінің алдағы 6 (алты) ойынынан аластатылып, 5 АЕК (13 890 тг) көлемінде айыппұл салынды.

Шара бойынша 6 (алты) ойынның 3-уін (үш) шартты түрде, 3 матчты (үш) сынақ түрінде өткізеді. Айыппұл 2020 жылдың 18 желтоқсанына дейін төленуі тиіс.

Шешім 2020 жылдың 4 желтоқсанынан бастап күшіне енеді.

№13

National Geographic Qazaqstan – Qsport.kz

Маусым бойы алған ескерту қағаздарының саны үшеуге жеткен National Geographic Qazaqstan командасының ойыншысы Тимур Айтмұханбетов БАҚ лига біріншілігінің 1 (бір) ойынынан аластатылады.

Шешім 2020 жылдың 4 желтоқсанынан бастап күшіне енеді.

№14

Қазмедиа – Хабар

Маусым бойы алған ескерту қағаздарының саны үшеуге жеткен «Қазмедиа» командасының ойыншысы Асқар Мұхтаров БАҚ лига біріншілігінің 1 (бір) ойынынан аластатылады.

Шешім 2020 жылдың 4 желтоқсанынан бастап күшіне енеді.

№15

БАҚ лиганың 8-ші маусымының жарнасын төлемеген және толық төлемеген «Хабар», «Хабар 24», «Qsport.kz», «Астана ТВ», «Еуразия+ОРТ», «Aiqyn-Liter», «Metaratings» командаларына қатаң ескерту жасалып, 2020 жылдың 11 желтоқсанына дейін толық төлеу туралы талап етіледі.

Егер аталмыш мерзімге дейін төленбеген жағдайда командалардың турнир кестесіндегі ұпайлары алынады.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here