Хабар чемпиондық атағын биыл да қорғай ала ма?

0
343
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Жылда «Хабарды біз тоқтамамыз» деген бір команда шығады. Алайда көбісіне тұрақтылық жетіспей жатады. Соңғы сәттерде ұпай жоғалтып, титулдан айырылып қалу жалғасып келеді.

Мысалы, бірінші маусымда Qazaq radiolary-ның керемет мүмкіндігі болған. Одан кейін Хабар-24, сосын үшінші-төртінші маусымда ЦАИ МИК РК, бесінші маусымда Қазмедиа, алтыншы маусымда Астана ТВ, жетінші маусымда тағы да Qazaq radiolary чемпион атанудан дәмелі еді. Бірақ ешқайсысына бұйырған жоқ. Әрқайсысының себебі әр түрлі. Осылардың ішінде Қазмедианың бесінші маусымдагі қателігі көпшіліктің есінде ұзақ сақталары анық.

Енді биыл Хабарға жаңа бәсекелес пайда болды. Ол – Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің өкілдерінен құралған ДИК МО РК командасы.

Көпшілік «Хабарды бір тоқтатса осылар тоқтатады» деп жүрген. «Балапанды күзде санайтындай, ол жағын 14 турда білетін боламыз. Сосын Qazaq radiolary командасын да естен шығаруға болмайды. Әзірге 7 турдың қорытындысы бойынша ұпайдан шашау шығармаған ДИК МО РК мен Qazaq radiolary. Соңғысының бір ойыны кем.

Хабардың сегізінші чемпиондығынан күмәнданып жүргендердің айтар екі себебі бар: біріншісі команда құрамынан үздік сұрмерген Әлішер Келгенбайдың басты бәсекелесі ДИК МО РК командасына ауысуы. Сонымен қатар NGQ командасымен тең түсулері.

Осы маусым алдында Хабардан Келгенбайдан бөлек, қорғаушы Тұрсынбек Жолдыбаев кетті. Ол да Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің өкілдерінен құралған команданың жейдесін киді. Әзірге олардың орнына қосылған ойыншылардан тек Бақытжан Масақовты ғана айтуға болатын шығар. Егеменнен ауысып келген Қолғанат Салин тек ротацияның ойыншысы болып тұр.

Бірақ Хабардың басқа қалаларда мықты ойыншылары жетерлік. Соңғы турларда Qazaq radiolary мен ДИК МО РК командаларымен кездеседі. Сол кезде өзге қалалардан Сапарғали Қанат, Асылжан Жүсіпов, Дулат Кәрібаев келіп қосылуы ықтимал. Ол кезде чемпиондық ойын тартысты өтері сөзсіз.

Хабардың әзірге мақсаты соңғы екі турға дейін ұпай жоғалтпау. Шешуші матчтарда сыртта жүрген ойыншылар келсе, бәрі басқаша өрбуі ықтимал.

Қалай десек те биылғы маусымның қызығы алда.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here