Алтыншы турдың таңдаулы құрамы анықталды

0
457
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Қақпашы – Талғат САРЖАНОВ (Foliant)

Foliant командасының журналистер лигасындағы алғашқы жеңісіне қақпашысы Талғат Саржановтың қосқан үлесі зор. Ол әсіресе екінші таймда сусымалы есеп 2:1 кезінде бірнеше қауіпті соққыны қайтарды. Сондықтан таңдаулы құрамамызға еніп отыр.

Қорғаушылар – Ер-Ұлан НҰРЛАНОВ (Astana TV), Ермек ТӨРЕНИЯЗОВ (Qazsport)

Алтыншы турда NatGeo мен Astana TV кездескен. Хабармен тең ойнаған соң, «Табиғат жыршылары» бұл жолы да ұпай ала ма дегендер көп болған. Бірақ Astana TV еш мүмкіндік берген жоқ. Екі ойыншы дубль жасап, 4:0 есебімен жеңіске жетті. Әсіресе қорғаныста жүріп-ақ командасының жеңісіне өз үлесін қосқан Ер-Ұлан Нұрланов осы турдың үздіктерінің бірі болды.

Ер-Ұланмен бірге қорғаныста жұп құрауға Ермек Төрениязов лайықты деп санадық. Ол Qsport.kz командасымен кездесуде жанын салып ойнады. Егер Ермек болмағанда сайт жігіттері қарымта шабуылдарын тиімді пайдаланып кетер еді.

Шабуылшылар –  Әлішер КЕЛГЕНБАЙ (ДИиК МО РК)(Бекболат КӘРІБАЙ  (Qazaq radiolary)

Алтыншы турдың орталық ойыны ДИиК МО РК мен Қазмедиа арасында өтті. Бұл кездесуде Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі командасы сапынан екі ойын покеи жасады. Соның біреуі шабуылшы Әлішер Келгенбай. Ол Ершат Қожатаев секілді үздік қорғаушылардан оңай сытылып кетіп отырды. Сондықтан Әлішерді таңдаулы құрамға қостық.

Осы турда тағы бір покер жасаған Qazaq radiolary командасының шабуылшысы – Бекболат Кәрібай болатын. Ол Мазмұндамен ойында еркін көсілді. Өзінің дриблингін, техникалық басқа да арсеналдарын тиімді пайдаланып, таңдаулы құрамға енуге еңбек сіңірді.

Резерв:
Қақпашы –  Қуат ШАЙСҰЛТАНОВ (Qazsport);

Қорғаушылар –  Александр ОЛЕЙНИК (Astana TV), Қуанышхан САПАРБАЕВ (Aiqyn-Литер);

Шабуылшылар –  Алмас ЗИЯТОВ (ДИиК МО РК), Дәурен ЖОЛДАСОВ  (Qazaq radiolary)

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here