Жетінші тур: Хабардың сенімді жеңісі, Мазмұндаманың камбэгі

0
469
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

ДИИК МО РК METARATINGS.KZ – 5:2

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің командасы әдеттегідей ірі есеппен жеңіске жетеді деп болжағандар көп болған. Алайда алаңда басқаша ойын өрбіді. Бірінші таймда тіпті есеп тең аяқталған болатын. Алдымен, ДИиК МО РК сапынан Тұрсынбек Жолдыбаев есеп ашқан еді. Дегенмен үзіліске дейн Ернар Отаров таразы басын теңестіріп үлгерді.

Ал екінші таймда журналистер біріншілігіндегі үздік ойыншылардың бірі Алмас Зиятов өзі белсеніп, қатарынан үш гол соқты. Metaratings.kz  капитаны Нұркен Тоқмурзиннің де қаншама мүмкіндігі болған еді. Бірақ ол соның тек біреуін пайдалана алды.  Матчтың нүктесін Николай Кружальский қойды. Қорытынды есеп – 5:2.

KAZAKNEWS –  QAZSPORT – 2:5

Алтыншы турда Qsport.kz командасымен ұпай бөлісіп қалғаннан кейін Qazsport осы ойынға тыңғылықты дайындалып келіпті. Әсіресе, Ратмир Әубәкірді тоқтатын ешкім болмады. Ол бұл ойында үш голдың авторы атанды. Ал негізі есепті Құдайберген Маханбетәлі ашқан. Сонымен қатар тағы бір голды Эльдар Аманбаев соқты.

Спорттық арнаның бес голына Kazaknews бар-жоғы екі доппен жауап қайтарып, алаңнан ұпайсыз қайтты.

Осы жеңістен кейін Qazsport төртінші орынға көтерілді.

ХАБАР 24 – АСТАНА ТВ – 2:1

Осы турдың сенсацияларының бірі Астананың жеңіліс табуы. Бұған дейін аутсайдерлерге ұпай таратып жүрген Хабар-24 күтпеген жерден Әділет Құсайыновтың әріптестерінен басым түсті. Олар әр таймда бір-бір голдан кіргізді. Алдымен, Марат Тукатов есеп ашса, екінші кезеңде Бауыржан Қошанов екінші голға көрімдік сұрады.

Астана осыдан соң қақпашысын шығарып ойнады. Алматыдан трансферлік терезе кезінде елордаға оралған қақпашы Алексей Ефименко бір голдың авторы атанды Бірақ одан әріге олардың шамасы жеткен жоқ. Қорытынды есеп – 2:1.

QAZAQ RADIOlARY–  FOlIANT – 2:1

Егер Foliant соңына дейін шыдағанда осы турдың басты сенсациясы болар еді. Бірақ шеберлігі жоғары  Qazaq radiolary  ойыншылары матч соңына дейін жеңіс голын соғып үлгерді.

Бірінші таймда есепті  жақында  Qazaq radiolary қатарына қосылған қорғаушы Елтай Нұрғазин ашқан еді. Оның ортадан аса салып, тепкен добына Foliant қақпашысы тосқауыл бола алмады. Алайда үзіліске дейін Талғар Тұрсынәлі таразы басын теңестіріп үлгерді.

Екінші кезеңде Дәурен Жолдасов Нұрсұлтан Бақановты алдап өтіп, жеңіс голын кіргізді. Әйтпесе Foliant-тың бір ұпай еншілеп кететін мүмкіндігі болған. Қорытынды есеп – 2:1.

Осылайша Qazaq radiolary чемпиондыққа таласты жалғастырып келеді. ДИик МО РК секілді оларда әлі ұпайдан шашау шығарған жоқ. Тек Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметімен салыстырғанда бір ойындары кем.

MAZMUNDAMA –  AIQYN-ЛИТЕР – 4:2

Бір-бірімен шамалас екі команданың кездесуінде камбэкке куә болдық.  Aiqyn-Литер бірінші таймда қатарынан екі гол соғып, алға шыққан еді. Қақпашысы Нұрхан Шарханұлы қақпада тұрып-ақ мергендігімен көзге түсті. Бір гол Әлішер Мұқажанның еншісінде. Алайда одан кейін Мазмұндама күш алды.  Әзиз Жұмаділ мен Аят Дүйсенбаев бір-бір голдан соғып, таразы бесін теңестірген. Сосын кіші Амангелді Сейітхан жеңіс голының авторы атанса, матчтың  нүктесін Ержан Жүніс қойды. Қорытынды есеп – 4:2.

Айтпақшы, газет жігіттерін қиын жағдайға қалдырып кеткендердің бірі Әлішер Мұқажан. Ол қарсыластың ойыншысын шалып шығып, 22-минутта алаңнан қуылды.

Мазмұнда осы жеңістен кейін тоғыз ұпаймен Қазмедианы қуып жетті.

NGQ  –  QSPORT.KZ – 5:1

Бір-бірімен деңгейлес командалардың бірі осы  National Geographic Qazaqstan  мен Qsport.kz болатын. Ойын тағдыры соңғы минуттарда шешілді. Әйтпесе басында екі команда да тең дәрежеде ойнады.

Алғашқы 20 минуттың ішінде номинальды алаң иелері сапынан Нұрәлем Жалғасұлы мен Тимур Айтмұхамедовтер көзге түскен. Оған қонақтар қатарынан Жалын Тілеуберген бір доппен жауап қайтты.

Екінші таймда ұзақ уақыт қарсыластар бір-бірін алмай жатты. Бұл үнсіздікті Бекзат Сайназар бұзды. Сосын кездесу соңына қарай Ернұр Досжанов дубль жасап, командасына үш ұпай сыйлады. Қорытынды есеп – 5:1.

ХАБАР – QAZMEDIA – 2:0

Хабар өткен аптада демалған еді. Бұл жолы Қазмедиамен кездесті. Турдың орталық ойыны саналған кездесу тартысты өтті. Бірінші таймда есепте ашылған жоқ.

Үзілістен кейін Хабар капитаны Нұрсұлтан Қабылбек өз белсеніп, бірден есепті ашты. Ойын 1:0 кезінде Қазмедианың есепті теңестіретін мүмкіндігі болған. Алайда Хабар қорғаушысы Бимұхамед Букеев бос қақпадан кіріп бара жатқан допты алып шықты. Мұндай жағдай бұған дейін Qazaq radiolary мен Хабар кездесуінде де орын алған еді. Ол кезде де Букеев ойынның қаһарманы болған. Матчтың нүктесін Нұрсұлтан Қабылбек өзі қойды. Қорытынды есеп – 2:0.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here